Прогресске жол ашқан кәсіпорын

Oinet.kz 10-11-2022 361

image.png

Қазіргі таңда экологияның бұзылуына ірі өндіріс орындары, түрлі зауыттырдан шыққан қалдықтар да әсерін тигізуде. Сондықтан кәсіпорын қалдықтарын тиімді жою немес пайдалану кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Аталған мәселе «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында да көзделген. 

 Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауытында 2019 жылдан бастап «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» әзірленіп, іске асырылуда. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның мақсаты – ластануларды тиімді және экологиялық қауіпсіз әдіспен жою болып табылады. Бұл жерде міндетті шарт – тарихи ластануларды өңдеу процесінен екінші (қайтара) ластану болмауы керек. Ол үшін зауыт мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша озық заманауи қауіпсіз технологияларды енгізуге және пайдалануға қабілетті, жауапты, жақсы жарақтандырылған, мамандандырылған компанияларды тартуды жоспарлауда. 2018 жылы мердігер қалдықтарды жою үшін термиялық әдісті (қалдықтарды арнайы пештерде жағу әдісін) пайдаланған.

Қазіргі уақытта «ПКОП» ЖШС-да мұнай шламдары декантерлік қондырғыда (тұнбаны сусыздандыру әдісімен) өңделеді. Ол жерде мұнай өнімдері, су, механикалық қоспалар бөлек бөлініп алынады және бөлініп алынған өнім өндіріс цикліне қайта беріледі.

Қауіпті қалдықтарды кәсіпорынның өзінде өңдеу және жою әдістері мен технологияларын пайдалану оларды полигонға немесе мердігерлердің жоятын жерлеріне дейін тасымалдау кезіндегі болуы мүмкін қауіптіліктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Қондырғыдан күтетін  ең басты  нәтиже- ол кәсіпорынның өзінде, тазарту құрылыстарында, жалпы  қаланың  экологиялық жағдайын жақсарту. Мұнай қалдығын қайта өңдеу бойынша  заманауи қондырғыны іске қосу-өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін төмендету және Шымкент  мұнай өңдеу зауытында экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттырудағы кезекті  қадам болып табылады.

Айта кетейік, Шымкент қалалық экология департаментінің  мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген 10 жоба бойынша ауаға шығарындылардың төмендеуі жылына 2300 тоннаны құраған. Ал қала бойынша негізгі 4 ірі («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «3-Энергоорталык» АҚ, «Стандартцемент» ЖШС) кәсіпорындарынан нақты ауаға шығарындылар 2018 жылы 23590 тоннадан өткен жылы 18461 тоннаға дейін төмендетілген.


Зауыттың ағынды суларының табиғатқа зияны жоқ
1- автожол бойына 1785 дана ағаш көшеттері отырғызылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу