Зауыттың ағынды суларының табиғатқа зияны жоқ
Үшінші мегаполистің экономикалық-әлеуметтік жағдайының жақсартуына айтарлықтай үлес қосып отырған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС сонымен қатар табиғаттың да жанашыры. Зауыт су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануға ұмтылып келеді.
Зауыттағы кері осмос қондырғысында ағызынды суларды қосымша тазалау жылына 1,5 миллион м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Салынған жабдықтар саңылаусыз орындалғандықтан атмосфераға шығатын ластағыш заттардың мөлшері мен жаман иісін азайтуға мүмкіндік береді. Зауыттың тазалау құрылғыларынан шығатын қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің шығарындылары 17 пайызға азайған.
Зауытта өндірістік объектілерінде шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесі және өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр суларының кәріз жүйесі бар. Мұнай өңдеу зауытында өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр сулары кәрізінің екі жүйесі бар. Бірінші кәрізге жаңа технологиялық қондырғылардан тауар асты суы, жуу суы, жаңбыр суы, технологиялық конденсат сияқты құрамына мұнай араласқан, бейтарап ағызынды сулар ағызылады. Екіншісіне химиялық ластанған ағызындылар, жабдықтарды тазалау үшін пайдаланған сулардың ағызындылары, су дайындау қондырғысынан шығатын ультрасүзгілеу қалдықтары, буландырылған қышқыл ағызындылар ағызылады.
Бірінші және екінші жүйенің ағызынды сулары құм аулағыштарда, мұнайұстағыштарда (сүзгілерде), радиальды тұндырғыштар мен флотаторларда бөлек параллельді механикалық және физика-химиялық тазалаудан өтеді. Тазалау құрылғылары мұнай өнімдерімен және қалқыңқы заттармен ластанған ағызынды суларды тазалау үшін арналған.
Кәсіпорыннан шығатын өндірістік ағызынды сулар Ордабасы ауданында орналасқан буландырғыш тоғанға барып құйылады. Су жинап, буландыратын аталған тоған Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13-15 шақырым жерде, Ынтымақ ауылынан оңтүстікке қарай 5-7 шақырым жерде тұрғындар аз қоныстанған шөлейт жерде орналасқан.
Осылайша тазалау құрылғыларын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталуының арқасында мұнай өнімдері мен қалқыңқы заттар бойынша өндірістік ағызынды суларды тазалау тиімділігі 76 пайыздан 98 пайызға дейін жақсартылды, нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың мөлшері азайып, экологияға жүктеме азаяды дейді зауыт өкілдері.