Шымкенттің «ағаш патшалығы»

Oinet.kz 07-11-2022 369

image.png

Асанбай Асқаров Шымкентті бас­қарып тұрған шақта шаң-тозаңы шық­қан аумақтың экологиясын реттеу мақ­са­тында Дендросаябағын құрып, оған әлем­нің небір ағаш тұқымдарын еккізгені мәлім.

Содан бері қала атауының анықтауы­шына айналған «Шым» сөзі нағыз өз мә­ніне ие бола бастаған, дейді көпті көр­ген көнекөз қариялар. Бүгінде сол аға­лар сал­ған саябақ Шымкенттің «өкпе тазарт­қы­шына», тұрғындарының саялы бағына айналып отыр. Тек қаланың климатын тазартып қана қоймай, жаңа өмірге қадам басқан ғашықтардың сүйікті демалыс орындарына, пәк махаббаттарының жасыл бесігіне айналып отыр.

 Жаздың аптап ыстығында жанға сая болып, тыныштықты жаны сүйетіндер үшін бой сергітіп, таза ауамен тыныстауға таптырмас орын атанды. Жап-жасыл. Құс­тардың сайраған үні жаныңды сергітеді. Шымкент дендрологиялық саябағы 1979 жылы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен құрылған. Оған дейін қаланың бү­кіл қоқысы мен қалдығы осы аумаққа әке­ліп төгілетін. Бастамашы топ оларды тазалап, сырып, орнына жас шыбық қадап, көктеп-көгеруіне, жайқалып өсуі­не бар күш-жігерін жұмсайды. Нәти­же­сін­де, бірер жылда дендросаябақ бой көтерді.

Бұл дендросаябақ Шымкентте отан­дық және дүниежүзілік дендрофлора түрлерін интродукциялау, оларды сақ­тау, кешенді түрде зерттеу және тиім­ді пайдалану жолдарын анықтау мақ­сатында құрылған. Ағаш-бұта өсімдік­терін өңірімізде интродукциялауды жос­­парлы түрде жүргізген алғашқы ғы­лы­­ми мекеме болып есептеледі. Денд­ро­сая­бақтың аумағы Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа, Қырым, Кавказ, Қиыр шығыс, Сібір, Шығыс Азия және Сол­түс­тік Америка және көшеттерді өсіруге ар­нал­ған көшеттік және көл деп 5 фло­ристикалық аймаққа бөлінген.

Жалпы аумағы 117 гектар саябақ ішінде әлемдегі әртүрлі географиялық аймақтардың флорасына жататын шөптесін өсімдіктердің ағаш пен бұталы түрлерінің 560-тан астам түрі өседі.

Бүгінде дендросаябақтың тұқымбағында көшеттерді тұқымнан өсіріп шығару, оларды күтіп-баптау және саябақтың ішіне бөліп егу секілді жұмыстар жалғасуда. Тұқымбақтағы жұмыстар қысы-жазы жүргізіледі дейді мамандар. Оған қоса бақтың суару жүйесі жаңартылмақ. Соның нәтижесінде көшеттер саябақтан бөлек қаланың басқа да аумақтарында егіледі.

Шымкенттегі қоқыс полигонының заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды
Ауа мониторингін бақылайтын 10 станса орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу