Шымкенттіктер қоқыс сұрыптауды үйреніп келеді

Oinet.kz 11-11-2022 724

image.png

Тұрмыстық қалдықтарды игеру – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы мәлімдеген "жасыл" экономикаға көшу концепциясындағы басты тармақтардың бірі. Осы мақсатта Қазақстан 2030 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Еліміздегі экологиялық жағ­дай­ды жақсартып, тұрмыстық қал­дық­тарды өңдеу өндірістерін іске қосу үшін қоқысты жинау, шыға­ру және полигондарға жеткізу ереже­леріне былтыр өзгерістер енгізілді. Қабылдан­ған экологиялық нормаларға сәйкес, тұрмыс­тық қалдықтар арнайы поли­гон­дарға сұрыпталған күйінде шыға­рылуы тиіс делінеді. Қоқыс полигондары пластмасса, пластик, полиэтилен, қағаз, құрылыс материалдары қалдықтарын қабылдамайды және сақтамайды. 

Пластиктен жасалған заттар, бө­тел­келер, қақпақтар, қолданыстан шыққан шамдар, батареялар, құрылыс материалдары мен басқа да қоқыстар жеке-жеке жиналуы қажет. Қоқысты қалай болса солай лақтырып үйреніп қал­ған жергілікті тұрғындарға қал­дық­ты сұрыптау мәдениетін үйретуге де уақыт керек болар. Әйтсе де Шымкентте осы бағыттағы игі бастамалар қолға алынған. 

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Е.Қозыбаевтың айтуынша тұрмыстық қалдықтарды терең өңдеу және бөлек жинау жүйесі бойынша Шымкент қаласында 2130-ға жуық контейнерлерге қоқыс жинақталады. Пластик қалдырдарды бөлек жинау үшін 205 контейнер орналасқан. Қала үшін бұл жеткіліксіз дейді департамент басшысы. Сондықтан департамент маманлары тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыруды және дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы «Ақтас-1» полигонында  қалдықтардың 27 пайызға жуығы сортталуда.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес 2025 жылға дейін аталған полигон қалдықтарды сұрыптауды  34 пайызға жеткізу көзделген. 

Ірі кәсіпорындар 2025 жылға дейін шығарындыларын 20 % төмендетуі тиіс
Шымкенттегі қоқыс полигонының заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу