Қоршаған ортаны ластаған кәсіпорынға шара көрілмек
Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Е.Қозыбаев Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында жақында ғана әлеуметтік желілерде резонанс тудырған сусын шығаратын зауыттың сарқынды суларының су каналына төгілу дерегі бойынша мәліметтерді айтып өтті.
– Департаментке 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Тассай тұрғын үй алабында сусын шығаратын зауыттың сарқынды суларының су каналына төгіліп жатқаны жөнінде арыз келіп түскен. Департаменттің зертханалық-талдау бөлімі мамандарымен арыздағы мекенжайға шығып, кәсіпорынның атауы «Юникс Беверейдж» ЖШС екені анықталады. Сол жерде, кәсіпорыннан бетондалған су каналына құбыр шығып су тасталып жатқандығы расталды. Мамандармен су сынамалары алынды. Анализдің негізінде фосфаттар, нитрадтар, хлоридтердің белгіленген шектік мөлшерден асу фактісі анықталды. Аталған су каналы жазғы мезгілде бау-бақшаны сауару үшін пайдаланылатын канал. Қазігі таңда суару тоқталығандықтан каналға түскен лас сулар жер асты суларын ластауда. Біз бұл мәселені қала тұрғындары осындай жағдайларға бей жай қарамасын деген ниетпен, қаланың экологиялық ахуалы баршамызға ортақ мәселе екенін ұғындыру үшін салған болатынбыз. Егер де осындай олқылықтарды байқаған болсаңыздар енжарлық танытпай бірден бізге хабарласыңыздар. Өйткені қоршаған ортаның тазалығы – ол қаланың барша тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етеді»,- дейді Ермахан Тастанбекұлы.
Алайда, арыз берген азаматтар электронды түрде өз арыздарын кайтарып алған. Департамент тарапынан бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшада барлық іс-қимыл хабарландырылып, ашықтық қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Шымкент қаласы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісімен Департамент атына тиісті шара көру жөнінде өтініш жолданап, нәтижесінде, қазіргі таңда, департамент мамандарымен тексеру жұмыстары басталған. Нәтижесі ақпарат құралдарында, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланатын болады дейді мамандар.