Табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді

Oinet.kz 11-11-2022 446

image.png

Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу мақсатында 2021 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен қала әкімдігі арасында Жол картасы белгіленген болатын. Жол картасында 29 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында автокөлікті табиғи газға ауыстыру, көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу және жауын сулардың өзенге төгілуден алдын тазалау қондырғыларын орнату, тағы да басқа мәселелер бар.

Таяуда Ақпараттық коммуникациялық орталығында 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг берген Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Ермахан Қозыбаев аталмыш карта бойынша атқарылған жұмыстарды да баяндап берді. 

«2021 жылдың қаңтар айында бекітілген жалпы шара 29 пунктттен тұрады. Оның қазіргі уақытта 10 іс шарасы орындалып, қалғаны орындалу барысында. Сондай-ақ картада көзделген тапсырма бойынша қалаға 590 газ отынымен жүретін автобустар сатып алынды. Бей берекет қоқыс орындарын жою жұмысатары орыналды. Кең таралған  пайдалы қазбалар бойынша 3 карьерлік аумақ қалпына келтірілді»,- дейді Ермахан Тастанбекұлы.  

10 айдың ішінде көгалды аймақ аумағын 396 гектарға жеткізген аталмыш департамент тағы да 100 гектар жер учаскесіне мемлекеттік актілер алыпты. Осы орайда, 9 саябақ пен 39 гүлзардағы тал-терекке төлқұжаттар ресімделген. 

Департамент басшысының айтуынша ағымдағы  жылдың 10 айында 43 тексеру жүргізіп, 173 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 57 миллион  теңгеден астам айыппұл салған. Өткен жылдың 10 айында 21 тексеру жүргізілген. Жалпы сомасы 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Яғни, тексеру 2 есеге жуық, айыппұл сомасы 7 есе артқан. 

Спикер сондай-ақ қала әкімдігі тарапынан табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келе жатқанын тілге тиек етіп,  «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан тиісті жұмыстарды да баяндап өтті.

Бей-берекет қоқыс тастаушылар азайып келеді
Өзен суларының тазалығы басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу