Бей-берекет қоқыс тастаушылар азайып келеді

Oinet.kz 11-11-2022 525

image.png

Қалдықтар — қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жыл сайын әлемдегі өндірістерден шамамен 1 миллиард, тұрмыстан 14 миллион  тонна қалдық  шығарылады. Бұл көлемі мен зияндылығы жөнінен өте күрделі. Ал әрбір отбасыдан бір адам тәулігіне 1,5  килограмм қоқыс шығарады. Олар желмен, сумен ауаға топыраққа тарап, қоршаған ортаға зиян келтіреді. Тіпті тұрмыстық қалдықтардың көл мен өзендерге шығарылатыны белгілі. Мәселен пластикалық заттар мен пластмасса бұйымдарын өртеген жағдайда ауаға зиянды көміртек оксидтері бөлінеді. Мұндай заттардың жойылуы да  ұзақ.

 Зиянды қалдықтардың шектен тыс мөлшері бүкіл адамзатқа, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Жер бетіндегі  зиянды заттардың  жинақталған массасы  топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жер асты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп,  тыныс жүйесі аурулары мен репродуктивті және  иммундық жүйелердің   ауытқуларына әкеліп соғуы мүмкін. Аса қауіп төндіретін органикалық заттар — диоксиндер. Олардың әсері цианисті калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі. Тағы бір үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат — фильтрат, ол қоқыс алаңдары аумағынан  жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез және т.б. ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. 

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Ермахан Қозыбаевтың айтуынша қалада 2022 жылы «Ғарыш сапары» акционерлік қоғамының Ғарыштық мониторингі арқылы бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелері анықталыпты. Бүгінгі күнде аудан әкімдіктері тарапынан барлық нүктелер толық тазаланған.  Елдімекендерді тазалау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін Шымкент қаласы аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент пен 4 аудан әкімдігінің жалпы орынбасарлары мен бөлім басшылары ҚР Әкімшілік Кодексінің 324-ші бабының 1 тармағымен, яғни санитарлық-экологиялық эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Департамент басшысы бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда азайып отыр дейді. Өткен жылы 70-те аса қоқыс үйінділерінің орындары анықталған екен.


Үшінші мегаполистің экологиялық ахуалы қандай?
Табиғатты қорғау іс-шараларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу