Үшінші мегаполистің экологиялық ахуалы қандай?

Oinet.kz 11-11-2022 411

image.png

Ауа экологиясы мегаполистерде кең тараған мәселе.  зауыттар мен жеңіл әрі ауыр көліктерден шығатын улы газдар, ауаның сапасын бұзып тұр. Ал үшінші мегаполистің экологиялық ахуалы қандай?

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Ермахан Қозыбаевтың қатысуымен 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті.

Басқарма басшысы жыл басынан бері экологиялық талаптарды сақтамаған  43 кәсіпорынға тексеріс жүргізіліп, 173 әкімшілік іс қозғалғанын айтты. Осы орайда, жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 есеге артқан. 

Ағымдағы жылы жазылған арыздардың басым дені «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «Ордабасы» жекеменшік индустриалды аймағында шоғырланған кәсіпорындардың үстінен жазылған көрінеді. Олар экологиялық талаптарды сақтамай, әсіресе, түнгі мезгілде лас ауаны тазарту қондырғыларынсыз сыртқа шығарып отырған.  Нәтижесінде, мегаполистің  ауа сапасы төмендеп, жағымсыз иіс пайда болған. Аталған екі аймаққа жыл басынан бері 18 рет тексеру жүргізген мамандар, жалпы соммасы 36 миллион  теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салыпты. 

Қазіргі таңда,ауаның ластану 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі,  жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша  Шымкент қаласы көтеріңкі деңгейде тұр. Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, ластаушы заттарды тазалалау қондырғыларсыз, фильтрлерсіз тыс ауаға тастау, рұқсаттарда ескерілмеген қосымша ластау көздерін пайдалану және белгіленген мөлшерден жоғары көлемде ластаушы заттарды ауаға тастау болып табылады. Аталған бұзушылықтар қаладағы ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда. 

Ластау көзін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, түнгі кезекшілік ұйымдастырылған. Кзекшілік нәтижесінде және әлеуметтік желідегі жазбаларға байланысты департамент тарапнан жоғарыда аталған тектерулер тағайындалып, тиісті шаралар көрінді.  Жалпы, Департамент тарапынан ластау көздерін анықтау бағытында жұмыс атқарылуда, тексеру саны, тексеру сапасының деңгейі  жылдан жылға артуда дейді мамандар. 

Тұрғындардың ұсынысы жерде қалмады
Бей-берекет қоқыс тастаушылар азайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу