Қаражатын балалардың игілігі үшін жұмсаған ұстаз

Oinet.kz 10-11-2022 528

image.png

Шымкенттік ұстаз «Даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытып отыр.  Аида Нурмаханованың мамандығы педагог-филолог. Ол 11 жыл бойы жоғарғы оқу орнында латын тілінен сабақ берген. 2018 жылы Шымкент қаласына қоныс аударғаннан кейін өз балаларының қажеттілігіне байланысты оқу орталығын ашқан.

Франшиза бойынша балаларға арналған білім академиясын салтанатты түрде ашқан педагог оны әрмен қарай дамытуға мемлекеттік қолдаудың көмегіне жүгінеді.

А.Нурмаханова «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында «Халық банктен» несие алып, «Даму» Қорының кепілдігімен толықтырады.

Қаржыға балаларды дамыту орталығы ғимаратының ірге тасын қалап, ғимаратта ыңғайлы және жаңа үлгідегі барлық құралдармен жабдықтады.

Аиданың бастамасымен ашылған, бір жастан жеті жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін дамытатын Қазақстандағы үшінші орталық. Бүлдіршіндерді мектепке дайындап қана қоймай шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, орталықта инклюзивті білім беру жүйесі де қолға алынып отыр.

Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған. «Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске  қолдау көрсетуде 20  жылдан астам тәжірибесі бар. 

«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті  сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.                             

Қаржылық қолдау түрлері:

- аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу; 

- субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;

- кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру.

Сондай-ақ, «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының негізінде тарту менеджерлері «Даму» Қорының барлық қаржылық бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады.


Өндіріс орнын кеңейтіп бермек
Қордың көмегімен талай кәсіпорын аяққа тұрды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу