Өндіріс орнын кеңейтіп бермек

Oinet.kz 10-11-2022 643

Screenshot_4.png

«Даму» қорының Шымкент қаласы филиалы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Баспасөз туры барысында төртінші билік өкілдері қаладағы аталмыш қордың шарапын көрген  нысандарды аралап, жұмысымен танысып қайтты. Солардыңбірі -  «ALASH FOOD INVEST» ЖШС-нің  құс етін өңдеу цехы. Мұнда дайын күйінде келген тауық еті бөлекшектеліп, қаладағы дүкендерге таратылады. Компания айналым қаражатын толықтыру үшін банктен жылдық 19 пайызбен несие алған. Оның 13 процентін Даму қоры төлейді. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы бойынша субсидияланды.

«Тауар «охлажденный» түрінде келеді. Соны аппарат арқылы кесіп, бөлшектеп, әр мүшесін бөлек қораптарға ораймыз. Мәселен қанатын бөлек аламыз, көкірек етін сүйегінен ажыратып филе күйінде аламыз. Күніне 3-3,5 тонна өнім шығарамыз. Осы ретте «Даму» қорына үлкен рахметімізді айтамыз. Цехымыз кішірек болып тұр. Соны үлкейтуге көмектесеміз деп жатыр. Өндіріс алаңымызды кеңейткен жағдайда күніне 10-15 тонна дайын өнім шығарамыз деген жоспарымыз бар»,- дейді  цех жетекшісі Ержан Абзакулов .

Шымкент шаһарында осы секілді  мемлекеттен қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған мекемлер көп-ақ. Барлығы да «Даму» қоры жұмысына алғысын айтып отыр. Қор әлі де жаңа тұтынушыларға қызмет көрсете бермек. Атап айтсақ, пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға, кәсіпкерлердің несиелеріне ішінара кепілдік беруге, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие беру бойынша кәсіпкерлерді қолдауға дайын. 

Айта кетейік, «Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті  сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.                             

Қаржылық қолдау түрлері:

- аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу; 

- субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;

- кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру.

Сондай-ақ, «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының негізінде тарту менеджерлері «Даму» Қорының барлық қаржылық бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады.


«Дамудан» көмек алған медициналық орталық
Қаражатын балалардың игілігі үшін жұмсаған ұстаз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу