Кәсіпкерлерге демеу болған «Дамудың»жетістігі көп

Oinet.kz 09-11-2022 436

image.png

Бизнесті мемлекет тарапынан қолдау – кәсіпкерлік секторды ынталандырып, дамытуда үлкен роль атқарады. Шымкенттік кәсіпкерлер де бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысады. Бұған «Даму» қорының Шымкент қаласы филиалы ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері көз жеткізіп қайтты.

Үшінші мегополисте Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары қарқынды жүзеге асып келеді. «Даму» қоры Шымкент филиалы директорының орынбасары Бағила Худайбергенова кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы  қаржылай қолдау тауып жатқанын айтты. Сонымен бірге биылғы негізгі нәтижемен бөлісті. 

Мемлекеттен қолдау тапқан мекеменің бірі -  «FinBridge International School» халықаралық мектебі. Бұл мектеп фин-британдық білім беру стандарттарына негізделген. Мұнда әлемдегі ең үздік нәтиже көрсеткен білім беру жүйесінің принциптерін мен философиясын пайдаланады, сол арқылы балаларды Ұлттық оқу жоспарына сәйкес оқытады. Мектеп ғимараты халықаралық талапқа сай салынған, пәндік кабинеттерден бөлек, асхана, бірнеше спорт зал, бассейн, робототехника бөлмесі мен түрлі үйірме жұмыс істеп тұр. 

«Бізде 5 сыныпқа дейін финдік бағдарламамен, 6 сыныптан бастап кембридж бағдарламасымен оқытады. Оқушыларға этика сабағында қазақтың құндылықтарын үйретеміз. Қазақ тілі, тарих, география пәндері қазақша қалған пәндердің барлығы ағылшын тілінде жүреді. Бұл жолы 8 сыныптарға дейін қабылдадық. Бірақ келесі жылы 9 бен 10 сыныптарды да қабылдайтын боламыз»,- дейді «FinBridge International School» халықаралық мектебінің акдемиялық директоры  Нух Өздин.

"FinBridge" халықаралық мектебіндегі жабдықтар мен құрылғылар несиеге алынған. Компания 2021 жылы «Қарапайым заттардың экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, белгілі бір банктен жылына 15 пайыз мөлшерлемемен қаражат алған. Ал оның 9 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. 

Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысының негізінде құрылған. «Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске  қолдау көрсетуде 20  жылдан астам тәжірибесі бар. 

Тауар сапасы өндіруші мен тұтынушының ортақ мәселесі
«Дамудан» көмек алған медициналық орталық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу