Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ПЭТ орталық ашылды

Oinet.kz 09-11-2022 422

image.png

Шымкентте қатерлі ісікті ерте сатысында анықтайтын ПЭТ орталық ашылды. Бұған дейін мұндай медицина нысаны Астана,  Алматы қалаларында ғана бар еді. Ядролық медицина орталығының ашылуына қала әкімі М.Әйтенов арнайы қатысты. Мұндағы Хэльсон сәулелік үдеткіші АҚШ-тан арнайы алынған, ол Қазақстандағы, тіпті Орта Азиядағы алғашқы аппарат.

Бүгінге дейін қатерлі ісікке шалдыққан Оңтүстік өңіріндегілер диагностикадан өту үшін 2-3 ай уақытқа дейін кезек күтіп, Астана, Алматы қалаларына баруына тура келетін. Ал ПЭТ/КТ құрал-жабдықтың орналастырғаннан кейін диагностиканы қажет ететін пациенттер өзге қалаға сабылмай-ақ Шымкент қаласындағы онколиялық орталыққа барып, қажетті тексеруден өте алады. Қондырғы бір күнде 30-ға дейін адамды қабылдай алады. 

Орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде барлық қазақстандыққа қолжетімді зерттеулер жүргізіледі. Бұл құрал жабдықты орнату арқылы жылына орташа есеппен 5 мың адамнан онкологиялық аурулардың таралуын ерте сатысында анықтап, өлім-жітім көрсеткішін едеуір азайтуға мүмкіндік береді.

Ядролық медицина орталығындағы құрал жабдықтар АҚШ, Германия сияқты елдерден сатып алынған. Ал Хэльсон сәулелік үдеткіші арқылы қатерлі ісіктің жайылуын алдын алуға болады. Мұндай аппарат Қазақстанда тек Шымкент шаһарында бар әлі Өзбекстан, Қырғызстан сияқты Орта Азия елдерінде де келмеген. 

Айта кетейік, түрік компаниясының жобасына мемлекттік бюджет есебінен қосымша қаржы бөлінбейді. Инвестор өз қаражаты есебінен жабдықтарды сатып алып, нысанды жалға алу арқылы халыққа тегін медициналық қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске асқан жоба "МедИнвестГрупп Казахстан" ЖШС-нің қолдауымен ашылды. Жоба бойынша радиофармпрепараттардың кеңейтілген желісін және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған жоғары дәлдіктегі радиология орталығын пайдалана отырып, радионуклидтік диагностика орталығын құру көзделіп отыр. Жобаның мерзімі 10 жыл. Инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысы жоқ.

Шаһарда жылына  1 200 адам онкологиялық ауруға шалдығады. Ауру ерте сатысында анықталған жағдайда сауығып кету мүмкіндігі мол болады. Ал «ПЭТ» құралы – қатерлі дерт анықталған жағдайда асқындырмай, емді ерте бастауға мүмкіндік береді.

24 көшеге ирригациялық жүйелер салынуда
Тауар сапасы өндіруші мен тұтынушының ортақ мәселесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу