24 көшеге ирригациялық жүйелер салынуда

Oinet.kz 09-11-2022 441

image.png

Жалпы экологияға зиян келтіретін факторлар көп. Солардың бірі жер асты, өзен-көл суларының ластануы. Бұл олқылық өзге де көптеген проблемаларға алып келеді. Бірінішіден: ластанған сулар адам денсаулығына зиянын тигізсе, екіншіден өсімдіктер әлеміне де кері әсерін тигізеді. Сондықтан жерасты сулары мен өзен-көлдегі суларды таза ұстау аса маңызды.  Соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген проблеманың бірі де осы. Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жасыл Қазақтан» ұлттық жобасында да бұл мәселе сырт қалмады. Өзен-көлдегі сулардың тазалығы оны тек қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар жауын-шашынның сарқынды суы да таза көздердің ластануына алып келеді. Ал жауын-шашын сулары өзен-көлдерге құйылмау үшін қала, көше ішіндегі арық-атыздарды ретке келтіру, ирригациялық жүйелерді таза ұстаған жөн.  

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды. Сондай-ақ, әкім  Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс  қолдау тапты. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85 пайызы орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық  аяқтауды  тапсырды. Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

Әкім Әйтенов сондай-ақ, Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Көпір құрылысы  демеуші азамат есебінен салынып жатыр. Ұзындығы 18, ені 5 метр болатын   аспалы көпір Сайрам су өзені үстінен өтететін болады. Қазіргі уақытта нысан құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Айтып өтейік, мұндағы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

Ирригациялық жүйелер жаңартылып жатыр
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ПЭТ орталық ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу