Аңыз кәсіпорын қайта аяққа тұрды

Oinet.kz 08-11-2022 416

image.png

«Рауан» ЖШС  Қазақстан нарығында 1998 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келе жатыр. Оңтүстікте сусындар мен су шығаратын 3 ірі жоғары технологиялық зауыты бар. Өнім әлемдік өндіріс стандарттарына сай, шетелдік жабдықтарда өндіріледі. Халықаралық сапа стандартымен сертификатталған. Бағасы да қалтаға қонымды. Тек қала халқын емес, республика халқын су өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 

2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жеміс және көкөніс шырындарын, салқын шай мен шыны ыдыстағы ауыз су өндіретін жаңа бағытты іске қосу үшін 15 пайызбен несие алған. Оның 9 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды. Қазіргі уақытта өндіріс қарқыны жоғары. Мемлекеттік қолдаудың арқасында мекеменің мүмкіндігі артып, өнімдері көбейген.

Жоғары сапалы өнім өндіруде 100-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Серіктестікте сіз күнделікті дүкен сөрелерінен көріп, тұтынып жүрген  сусындардың жылына 50 миллион данасы шығарылады. Оның барлығы 5 кезеңнен тұратын тазартудан өткеннен кейін ғана сатылымға жіберіледі.

 «Мұндағы сусындардың барлығы 5 этаптан тұратын тазартудан өтеді. Қант деңгейін, барлығының өз нормасына сай болуын бақылаймыз. Алдымен химиялық құрамы осында арнайы аппаратпен тексеріледі. Одан соң орталыққа жіберіледі»,- дейді технолог Ботагөз Телеуова.

Кәсіпорында сусынның 24 түрі даярланады. Мұнда күніне 80 мыңға жуық сусын өндіріліп, Қазақстанның барлық қалаларына жөнелтіледі. Сондай-ақ, көршілес жатқан Өзбекстан, Қырғызстан және Тәджікстан елдеріне экспортталады. Тағы бір айта кетерлігі, Шымкенттік алғашқы энергетикалық сусын да осы өндіріс орнынан шыға бастаған. Ал екі жыл бұрын балаларға арналған тәтті шырындар шығарыла бастаған. Оларға сұраныс қашан да жоғары дейді мамандар. Зауыт тұтынушыларға ISO 9001:2009 халықаралық сапа стандартымен сертификатталған, сондай-ақ «ХАЛАЛ» куәлігі бар өнімді қажетті көлемде, үзіліссіз бере алады.  Компания шығаратын сусындардың дәмі Шымкент тұрғындарына балалық шақтан таныс.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді
Табысты болам десең, құлпынай ек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу