Ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді

Oinet.kz 08-11-2022 481

image.png

Ауыл шаруашылы­­ғы – біздің негізгі ресурсымыз. Тек оның әлеуетін толық пайдалануымыз керек. Шындасақ, бүкіл дүниежүзін органика­лық және экологиялық таза өнімдерге қарық қылатын жағдайымыз бар. Осы мақсатта Үкімет суармалы жер көлемін кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуды көз­деп отыр. Бұл қадам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 4,5 есе арттыруға септігін тигізбек.

Осы себептен бүгінгі таңда ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп келеді. Бұл бағытта түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. 

Осы ретте Шымкентте  ауыл шарушылығы кооперативтерін дамыту мақсатында шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, кооперативтер құру жұмыстары ұйымдастырылуда.   Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңға дейін қала аумағында жалпы құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтер саны – 50- ден асқан болса, олардың құрамына 27 заңды тұлғалар мен шаруашылықтар, 507 жеке қосалқы үй шаруашылықтары қосылған.  2020 жылы мал шаруашылығы саласында «TURAN Agroproduct» АӨК және «SILK WAY SAYRAM»  АӨК жаңадан іске қосылған.   Мамандардың елді мекендерде жиналыстар ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде 6 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған.  Олар: «SAIRAM CUT» АӨК, «Асия Агро» АӨК, «Салиев Аскар агро» АӨК, «Мейіржан агро» АӨК, «NUR AGRO» АӨК, «Бек-Тас Шым» АӨК. Сонымен қатар қала аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмыстары жандануда.  Былтырғы жылы аталған кооперативтерде өндірілген сүт көлемі 3 мың тоннаға жеткен.  Бұл өз кезегінде жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген өнімнің нарыққа шығуына зор үлесін қосты.  Қазіргі таңда аталған ауыл шаруашлығы кооперативтері қаланың  сүт өндірісін ұлғайтуда. Өндірілген сүтке мемлекеттік қолау көрсетілуде. Атап айтқанда жыл басынан «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен аталған кооперативтерде өндіріліген сүттің 1 литріне 20 субсидия берілуде.

Мал шаруашылығын қолға алған келіншек
Аңыз кәсіпорын қайта аяққа тұрды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу