Мал шаруашылығын қолға алған келіншек

Oinet.kz 08-11-2022 497

image.png

Жалпы қажетті бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспар әзірлеу, салықтарды түсіну, сатуды жолға қою – мұның бәрі кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерге қиын шаруа. Кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасы бизнес бастауға көмектеседі.

Шымкент қаласының тұрғыны Ботагөз Иманова жылқы шаруашылығымен айналысуды ұйғарды. Ол «Бастау Бизнес» курсын оқып, оқуды аяқтағаны туралы сертификатты алып, «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымына жүгінді. Оның «Жылқы шаруашылығын құру және дамыту» жобасы мақұлданды. Сөйтіп кәсіпкер 7 жыл мерзімге жылдық 6 % 18 миллион теңге несие алды. Қарыз қаражатына Ботагөз Иманова 40 жылқының аналық басын сатып алуды жоспарлаған. Өнімнің басты түрі ретінде Шымкент қаласының және Түркістан облысының жақын маңдағы аудандарының басқа шаруашылықтары мен халқына жылқы, жылқы еті мен бие сүтін сатып отыр. 3 жұмыс орны құрылған. 

«Жобаны іске асыру үшін фермерлік шаруашылық ұйымдастырылып, Шымкент қаласындағы қолда бар қошара пайдаланылған, Бұдан басқа, 12 ай жобаның негізгі қарызын төлеу бойынша жеңілдікті кезеңі бар, сондай – ақ сыйақы төлеу бойынша да осынша уақыт. Жалпы, жоба – жоғары рентабельді, бұл кәсіпкерге пайда табуға және несиесін уақтылы төлеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Shymkent-Atameken» МҚҰ менеджері Нұржан Нақыпбеков.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан микробизнесті несиелеу үшін микроқаржы ұйымы құрылды. «Бастау Бизнес» бағдарламасының оқуды аяқтағаны туралы сертификаты бар және өз жобаларын қорғаған тыңдаушылары жылдық 6 % қарыз ала алады. Шағын несиені 5 жылға дейінгі мерзімге, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейінгі мерзімге рәсімдеуге болады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 8 мың АЕК (23,2 млн теңге). Жаңа бастаған кәсіпкерлерде шағын несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеулер жоқ. Несиеге өтінім беру үшін тұрғындар «Бизнеске арналған үкіметке» «Бастау Бизнес» жобасын сүйемелдеу жөніндегі консультанттарға жүгіне алады.

Жобаға жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер; жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар; атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көп балалы отбасы мүшелері; қандастар, қоныс аударғандар; мүгедек баланы  тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар және мүгедектер қатыса алады.

«Шымкент Смелтинг» металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды
Ауыл шаруашылығы кооперативтері көбейіп келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу