«Шымкент Смелтинг» металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды

Oinet.kz 08-11-2022 431

image.png

Шымкент қаласы – қазіргі таңда республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Бүгінде өнеркәсіп саласында 700-ге жуық кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24-і ірі, 49-ы орта кәсіпорын. Кәсiпорын қызметінің тұрақтылығы, көпсалалы өндiрiске бағытталуы, өндіріс көлемінің өсуі, сондай-ақ, шығарылатын өнім сапасының жоғарылауы және оның бәсекеге қабілеттілігінің жақсаруы, бүгiнгi күндегі талаптарға жауап бере алуы, қала экономикасының өсуiне кепiл боп отыр. Шымкент – республикалық маңызға ие мегаполис. Қазіргі таңда үшінші қала аумағында 2,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын 17 шетелдік инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл негізінен Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Польша, Германия, Өзбекстан елдерінен келген шетелдік инвесторлар. Айта кетелік, шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асқан ірі жобалардың бірі - «Шымкент Смелтинг» ЖШС. Мегаполистегі өзіндік орны қалыптасып келе жатқан  қорғасын және мыс өнімдерін шығаратын зауыт қала экономикасының дамуына үлес қосып келеді.

«Оңтүстік» индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорын жылына 12 000 тонна қара қорғасын және 1 600 тонна қара мыс өндіруге қауқарлы. «Шымкент Смелтинг» ЖШС-гі қорғасын және мыс өнімдерін өндірумен қатар түсті металл мен арматура өндірісінің технологиялық желісі бар.

Өндіріс ошағындағы Қытай технологиясымен жабдықталған пештер металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды. Жобаның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 200 адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт қорғасын өнімін Өскемен қаласына, ал, қара мысты Ресей еліне жөнелтеді.

Жалпы «Оңтүстік» индустриялды аймағы 2010 жылы құрылған. Бұл республиканың ең алғашқы өнеркәсіптік алаңы. Жалпы ауданы 337 гектарды құрайды. Портфолиосы шамамен 90 миллиард  теңгені құрайтын 87 жобадан тұрады. 7300 адам жұмыс істейді.

«Дамумен» аяққа тұрған кәсіпорын
Мал шаруашылығын қолға алған келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу