«Дамумен» аяққа тұрған кәсіпорын

Oinet.kz 08-11-2022 412

image.png

«Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске  қолдау көрсетуде 20 жылдық тәжірибесі бар. 2010  жылға дейін «Даму» Қорының бағдарламаларының қатысушыларының көпшілік бөлігі  екінші деңгей банктерінде қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларының шеңберінде қаржылық қолдау  алған. Қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларын іске асыру  шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің  несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетуде  маңызды орын алды. «Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.                             

Бүгінде Шымкент қаласында аталған қордың көмегімен кәсіпорнын кеңейтіп, аяққа тұрған нысандар жетерлік. Солардың бірі - «ВИЗиТ» ЖШС. Кәсіпорын өндірген алкогольсыз «Буратино», «Дюшес», «Тархун», «Лимонад» табиғи сусындары көпшілікке жақсы таныс. Үшінші мегаполистегі кәсіпорын «Денсаулық» сериясын қолданып, өнімдерді дәрілік шөптер мен тамырлардың инфузиясы қосылған табиғи шикізаттан әзірлейді .

Тарихы 1930 жылдан бастау алатын өндіріс орны 1991-1998 жылдары «Pepsi-Cola», «Coca-Cola» компаниялармен жұмыс істеп, өндірісін жетілдірді. 2006 жылы кәсіпорынға «KRONES» автоматтандырылған құю желісі орнатылып, сағатына 12,0 мың бөтелке өндіруге қол жеткізді. Мұнан бөлек, GPS спутниктік навигация жүйесі енгізіліп, ескірген жабдықтар ауыстырылды. Сусындарды дайындауда көмірқышқыл газымен қанықтырудың озық технологиялары игерілңп, өндіріс қуаттылығы 3 есеге артты.

2019 жылы айналым қаражатын толтыру үшін компания «Даму» қорына жүгінді. Екінші деңгейлі банктен 14,95 пайыз несие рәсімдеп, оның 8,95 пайызын  «Даму» Қоры субсидиялады.

Сапалы сусын өндіретін «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС-і 2019 жылы «Алтын сапа» президенттік байқауында «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Бүгінде «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу арқылы жаңа өнім түрлерін көбейтіп отыр.

Тәулігіне 500 тонна астық өндіруде
«Шымкент Смелтинг» металдарды өндіруде экологияға зиянды қалдықтарды шығармайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу