Гипоаллергенді көрпелер шығарады

Oinet.kz 07-11-2022 401

image.png

Үшінші мегаполисте жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына шоғырланған. Қазіргі таңда мұнда жеңіл өнеркәсіп саласында «AZALA Textile», «Арайлы», «Жібек.М.», «Гаухар» тігін фабрикасы, «Alatex», «Жаңаталап-МТ», «Kazplast», «Шабитекс», «AZALA Cotton», «Әлем-БТ», «Хлопкопром-Целлюлоза», «Бал Текстиль», «НазарТекстиль» т.б кәсіпорындар  табысты жұмыс істеп келеді

Солардың бірі - «Шымкент-Кашемир» ЖШС – жүнді өңдеу және одан иірілген жіптер мен сырылып тігілген көрпелер шығаратын зауыттың жұмысы қарқын алған. Бүгінде өндірістің бірінші кезеңі – жүнді-жуу және тарауды алғашқы өңдеу цехы толығымен пайдалануға берілді. Цех ең алдымен өзіндік өндірісті шикізатпен жарақтандыру үшін құрылған болатын. Жылына 2000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүнді дайындайды. Кәсіпорында негізінен жергілікті шикізат пайдаланылуда. Яғни отандық шикізат саласына жан кіргізуде үлесі бар.

Кәсіпорын түйе жүнін қабылдайды. Себебі мұндай көрпелер гипоаллергенді, жылуы жақсы, терлетпейді және денсаулыққа пайдалы.

Зауыт директоры, жас кәсіпкер Санат Шағанбекұлының айтуынша, кәсіпорын өз саласында, өз ауқымы бойынша еліміздегі ең үздіктердің бірі.

– Кеңес уақытынан бері танымал, жүнді алғашқы өңдеуші ірі зауыттар қазір тоқтап қалған. Өкінішке қарай, өндірістің бұл түрі төмен табысты салаға жатады және үлкен салымдарды талап етеді. Бірақ АЭА-да орналасқандықтан және жекелей жеңілдік пен артықшылықтар есебінен біз жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алдық, – дейді Санат Шағанбекұлы.

2017 жылы зауыт айналым құралын толықтыруға «Bank RBK» АҚ банкі арқылы несие алды. Кәсіпорын үшін пайыз мөлшерлемесі 17 пайызды құрады, оның 7 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Қазіргі таңда кәсіпорынның екінші кезеңін іске қосу бойынша жұмыстар атқарылуда. Таралған жүн тізбегін өндіретін цех дайын тұр. Сатып алынған құрылғылардың жартысы орнатылған. Бүгінде сынамалар жүргізілуде.

Отандық өнімдердің сапасы жоғары, моңғол, итальян, грек және ресейлік аналогтардан еш кем түспейді. Сондай-ақ, бағасы да әлдеқайда қол жетімді.


Жылына 5 мың тонна мақта целлюлозасын өндіреді
Жылына 3 миллион қорап, 10 мың крафт-қағаз өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу