«Шымкент» атауымен шығатын ылғалды майлық бар

Oinet.kz 07-11-2022 465

image.png

Елімізде экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі өсіп келеді. Жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жеткізу көзделген. Бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді. Шағын және орта бизнес — экономика және жұмыспен қамтудың негізгі элементі. Дамыған елдер шағын және орта бизнес кәсіпорындарының көптігімен ерекшеленеді. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны көп болса, экономиканың көлемі арта береді,  сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуы да жоғары болады. 

Кез келген кәсіпкер бизнес бастар алдында халық арасында сұранысқа ие және үлкен инвестицияны қажет етпейтін өнімді іздейді. Бұл бағыттың кәсіпті жаңадан бастағандар немесе жеткілікті капиталы жоқ кәсіпкерлер үшін неліктен соншалықты тартымды екенін қарастырар болсақ, біздің елімізде дымқыл сулық өндірісі әлі толық дамымаған. Үшінші мегаполисте алғашылардың бірі болып "Nefis group" кәсіпорны дәл осы бір реттік дымқыл майлық шығаруды қолға алды.

Ия, "Turkistan",  "Шымкент", осындай атаулармен 2018 жылдан бері Шымкент қаласында  ылғалды майлық шығарылуда. Өнімдер аты айтып тұрғандай Түркістан облысы мен Шымқалаға майлықтар кеңінен тараған. Фабрика күніне 25 мың данасын жасайды. «Ордабасы» индустриалды аймағында орналасқан "Nefis group"  компаниясы ылғалды майлықтарды басқада да атаулармен шығарады. Ылғалды майлықтардың 20 түрлі иісі бар. Тапсырыс берушінің талғамына қарай өндіре алады. Мұнда ылғалды майлықтармен қоса антисептиктер те жасалады. Қазіргі таңда қос өнімге деген сұраныс артқан. 

"Біздің кәсіпорында түркіктің заманауи аппараттары орналасқан. ол авмотатты режимде жұмыс жасайды. Мен тек бақылап, басқарып отырамын. Біздің өнімдердің сапасы жоғары",- дейді "Nefis group" ЖШС  операторы Әділжан Ирисметов. Мұнда өнімдерге зиянды қоспалар қосылмайды. Құрамындағы заттардың барлығы қауіпсіз.  Халықаралық талаптарға сай жасалады. 

"Болашаққа құрған жоспарымыз осы майлықтарымыз кафе-ресторандарда жақсы өтетін болса олардың санын көбейту, яғни тәулігіне 50 мың данаға дейін жеткізу",- дейді "Nefis group" ЖШС бас директоры Әлімжан Убайдуллаев. 

Аталған кәсіпорынның майлықтар бағасы әлдеқайда төмен, сапасы жоғары. Тұтынушылар әсіресе тауардың дизайныны дән риза. 

Табиғатқа зияны жоқ өнім өндіреді
Өндірілген өнімдердің 90 % шетелге экспорттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу