Табиғатқа зияны жоқ өнім өндіреді
Үшінші мегаполистегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында теңдесі жоқ бірегей өнім полипролпилен парақтары шығарылады. Одан әртүрлі сұйықтықтарды сақтауға арналған үлкен көлемді цистерналар, бассейндер мен аквапарктердегі сырғанақтар жасалады. «ЮгРегионПласт» ЖШС зауыты «Бизнестің жол картасы-2020» және «Индустрияландыру картасы» бағдарламаларының аясында қолға алынған шаһардағы ірі кәсіпорындардың бірі. Негізі 2011 жылы қаланып, бүгінде қарқынды жұмыс істеп келеді. Алғашқы өнімін 2013 жылы шығарған. Жылдық қуаттылығы 64 мың шаршы метр. Өндіріс ошағындағы техникалардың барлығы шетелдік. Арнайы тапсырыспен Қытайдан әкелінген. Бір қуанарлығы кәсіпорындағы қондырғыларда жергілікті халық еңбек етеді. Барлығы заманауи құрылығылардың тілін жетік меңгеріп алған. Қазіргі таңда зауытта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Құны 144,0 миллион теңге. Қуаттылығы 124 800 шаршы метр пропилен бұйымдарын шығарады.
Айтып өтейік, тауарға сұраныс көбінесе шет мемлекеттерден түседі. Оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресей елдері бар. Ал, өзіміздің өңірлерден Павлодар, Маңғыстау қалаларын пластикалық өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Зауыт өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік береді.Сондай-ақ өнімнің пластикалық болғанына қарамастан, өндірістің табиғатқа зияны жоқ көрінеді. Себебі, компания шикізатты ақылмен пайдаланады және өндіріс қалдық қалмайды.
Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылға 9,4 миллиард теңге бөлініп, 2 760 жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген. Бүгінгі таңда, 2 760 жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді дейді салаға жауапты мамандар. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 886 жобаға 1,2 миллиард теңге; мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 миллион теңгеге қолдау көрсетілді.