Мамандар саудаға ыңғайлы жер таңдап береді

Oinet.kz 07-11-2022 416

image.png

Калима Жаппарова – Шымкент қаласының тұрғыны, кәсіпкер. Шағын және орта кәсіпкерлерді қолдауға арналған «1000 сауда нүктесі» жобасы арқылы кәсібін ашқан. Жоба 2020 жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аясында. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында.

Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс. Шымкент қаласында тіркелген жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Бизнестің барлық түріне рұқсат етілген, тек аксизді тауар өнімдерінен басқасына.

Айта кетейік, саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында. 16 шаршы метр жерге ай сайын 28 мың теңге төлеп тұрады. Басқа жекеменшік учаскелерді жалға алу құны айына 100-300 мың теңге аралығында болуы мүмкін.  Қазіргі таңда қалада кәсіпкерлер алпыстан аса дүңгіршекті түрлі бағытта жүргізіп отыр.

Берері көп жоба
Бағдарлама көмегімен мақта өңдеу цехын іске қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу