Берері көп жоба

Oinet.kz 07-11-2022 440

image.png

Кез келген кәсіпкер қаржыландыру немесе ұйымдастыру бойынша көптеген қиындықтармен кездеседі. Бизнесте жаңа бастама жасап жатқан кәсіпкердің көптеген күмәндары мен қорқыныштары болады, дегенмен өзінің бизнесінен табыс табатынына да үмітін үзбейді. Бүгінде кәсіпкерлер  мемлекеттен көмек алуға болады. Мемлекет бастама үшін қаржылай көмек береді және бизнесті жүргізу бойынша кеңес береді.  

Бүгінде Шымқаланың кәсіпкерлік саласының дамуына, кәсіпкерлер санының артуына үлес қосып отырған «Shymkent INVEST» – «Бизнеске арналған үкімет»  фронт-офисінде инвесторларға үлкен қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, оларды негізінен қызықтыратыны – әлеуметтік нысандар құрылысы. Әуелі өз қаражаттарына мектеп, аурухана салып, сосын оны мемлекет қарамағына өткізетін арнайы бағдарламаға қатысқанды қалайды. Фронт-офиске жеке кәсібін дөңгелетіп жүргендердің кейбірі жобасын жүзеге асыруға жер сұрап келсе, енді бірі өз жобасын бастау үшін қаржылық қолдау мәселесімен келеді. Бұл ретте «Shymkent» ӘКК-нің «1000 сауда нүктесі» деп аталатын жобасы бар. Берілетін жердің аумағы – 16 шаршы метр. Ол жерге шағын дүңгіршек салуға болады. Кәсіпкер «Shymkent» ӘКК құзырындағы бұл учаскені конкурс арқылы ала алады.

Қазір қалада әр бұрышта тауарын сатып отыратын саудагерлер көп. Олардың бұл кәсібі көбіне заңсыз да болуы мүмкін. Сондықтан, оларға саудасын жүзеге асыруға ресми түрде мүмкіндік беру мақсатында жоғарыда аталған «1000 сауда нүктесі» жобасы қолға алынып отыр. Бұл жобаның бір артықшылығы – жерді жалдау құнының арзандығында. 16 шаршы метр жерге ай сайын 28 мың теңге төлеп тұрады. Басқа жекеменшік учаскелерді жалға алу құны айына 100-300 мың теңге аралығында болуы мүмкін. 

Айта кетейік, қазіргі таңда қалада кәсіпкерлер алпыстан аса дүңгіршекті түрлі бағытта жүргізіп отыр.

Мамандар кәсіпкерлерге көмек көрсетуге әзір
Мамандар саудаға ыңғайлы жер таңдап береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу