Жобаның арқасында сауда нүктелерін көбейткен

Oinet.kz 06-11-2022 341

image.png

Ел экономикасын алға сүйреуші негізгі фактордың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалар көп-ақ. Соның бірі -  "1000 сауда нүктесі" инвест жоба ретінде бекітіліп, 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында үшінші мегаполисте аталмыш жоба аясында  70-ке жуық дүңгіршек ашылған. Соның бірі 11 шағын ауданда орналасқан дүңгіршек балық өнімдерін сатумен айналысады. Жеке кәсіпердің айтуынша жоба аясында 4 дүңгіршек ашып, жұмысын жандандырған. 

«SHYMKENT» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұсынған "1000 сауда нүктесі" инвест жобасына қатысып, 4 дүңгіршек аштым. Құжат дайындауға және жер телімін іздеуге көп уақыт кетеді. Корпорация қызметкерлерінің көмегімен жер телімін жылдам, яғни  1 ай көлемінде таптым. Бизнесімді бастағаннан кейін 6 айдан соң ғана жалдау ақысын төлеуді бастадым. Бір дүңгіршекке шамамаен 50-60 мың теңге төлеймін", - дейді жеке кәсіпкер  Тимур Арманшин. 

Конкурсқа қатысушылар «SHYMKENT» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тиісті талаптарын орныдауы керек. Ол үшін азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. 

"Бұл сауда нүктелерін алу үшін біз әр айдың басында конкурсқа жер учаскелерін шығарамыз. Жер телімдері комиссия отырысының нәтижесінде беріледі. Бүгінге дейін берілген 64 дүңгіршектің басым бөлігі фаст-фуд кәсібіне берілді. Екінші жеміс жидек, үшінші кофейня, одан кейін ет, балық сатуға тағы сол секілді кәсіппен айналысуға берілді. Кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын біз бәрін тегін жасап береміз",- дейді  «SHYMKENT INVEST»  фрон-офис басшысы Ғани Өмірзақов.  

Атап өтейік, жалға алынған дүңгіршектерде жылжымалы асхана кофеханалар, нан, тоқаш, балмұздақ, жеміс жидек, газет сатуға  және кәдесый мен гүл сату орнына айналдыруға болады. 

Несие алып кәсібін кеңейтті
Испан қондырғысымен жұмыс жасайтын жалғыз зауыт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу