Ата кәсіп алға басуда

Oinet.kz 06-11-2022 340

image.png

Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөнiндегi мемлекеттiк шаралар кешенi. Тәуелсіз ел құрып, егемендікке қол жеткен тұста нарықтық экономика үлгісін таңдаған мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы басты мәселелердің бірі, ол кәсіпкерлікті қорғау, әрі қолдау екені белгілі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» бүгінде өңір тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады.

 Осы ретте үшінші мегаполисте кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар сәтімен, жоспар бойынша орындалып келеді. 

Көшпелі дала өркениетінің төл ұрпағы қазақ халқы ет өнімдерін сүйсіне жейтіні белгілі. Қазақ халқы үшін ет өнімдері әрқашан сұраныста. Қысқы мерзімге арнайы соғым алдыратын қазақ халқы екені белгілі. Мұндай дәстүр басқа ешқандай ұлтта жоқ десек қателеспеген болар едік. Сондықтан да ет шаруашылығымен айналысатын шаруалар ешқашан клиентсіз қалмайтыны айдан анық. 

Осындай шаруашылықтың бірі Шымкент қаласында орналасқан  - «Абдукаримов» мал бордақылау фермасы. Жоба құны – 500 миллион теңгені құраған. Бүгінгі күні шаруа қожалығында  1000-ға жуық басқа арналған қора салынып, 300 жылқы, 300 қой бордақыланып, жиырмаға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталған ферма қала тұрғындарын сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бұл ферманың өнімдеріне деген сұраныс өте жоғары.

Асыл тұқымды мал басын көбейтіп отыр
Шымкентте сүт өндірісі дамуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу