Спорттық үйірмелер көбейеді

Oinet.kz 06-11-2022 561

image.png

2025 жылға қарай ауылдарда балаларға арналған 1 600 үйірме ашылады деп күтілуде. Қазір ауылдық жерде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымы бар. «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, жергілікті бюджет, жеке инвестиция тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен 748 инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Оның ішінде 180 жаңа мәдениет нысанының құрылысы мен 568 нысанға жөндеу жүргізіледі дейді сала басшылары. 

Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезе­ңі» атты Жолдауында балалардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса ма­ңызды екенін айтқан еді. «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына кел­­тірген жөн. Әкім­дердің жұмысын осы өлшем бойынша да ба­ғалаймыз», – деген еді Мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа 21 миллиард теңгеге жуық қаражат жіберіледі, оның ішінде 6 миллиард мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға арналған.

Мемлекеттік тапсырыс мыңдаған балаларға спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік берді. Секцияларға қатысуға шығындар бюджеттен төленеді. Былтыр республика бойынша осы мүмкіндікті 162 мың бала пайдаланды, ал ағымдағы жылы олардың саны 275 мыңға дейін жетеді. 

Бұл туралы ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың №12 спорт мектебінің спортшылары мен жаттықтырушыларымен өткен кездесуінде айтылды. 

Шымкент қалалық қоғамдық штабының басшысы Бахадыр Нарымбетов, штаб мүшелері Әбдез Иманқұлов, Жадыра Таңатарова, Төлегенов Ноян, Жазира Жаппарқұлова, Дилдабеков Мухтархан кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға және спортты дамытуға қатысты саясатына баса назар аударды.

Жиын соңында спикерлер президенттік сайлаудың маңыздылығына назар аударып, барша жиналған қауымды бұл саяси науқанға белсене қатысуға үгіттеді.

«Шымсая» шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды
Әділетті экономиканы құруға Шымкенттік кәсіпкерлер дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу