Әділетті экономиканы құруға Шымкенттік кәсіпкерлер дайын

Oinet.kz 06-11-2022 423

image.png

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шымкент аумақтық бөлімшесінде жалғастырды. 

Қоғамдық штаб төрағасы Б. Нарымбетов және штаб мүшелері Б. Төлегенов, М. Жандарбеков, М. Абдукаримов пен М.Қырықбаевтың қатысуымен өткен кездесуде «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. 

Әсіресе, орта және кіші бизнесті дамыту мәселелеріне айрықша мән берілді. 

«Сайлауалды бағдарламасының екінші қағидасы – «Әділетті экономика». Бұл халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүдделерін тең қорғау идеясына негізделген әділетті экономиканы құруды, ресурсттарды тиімді пайдалануды білдіреді», - деп атап өтті өз сөзінде Б. Нарымбетов. 

Кездесу соңында сенімді өкілдер барша қазақстандықтарды тарихи таңдау жасауға шақырды. Түбегейлі өзгерістер мен батыл шешімдер қабылдайтын уақыт жетті. Сол үшін еліміздің әрбір азаматы маңызды саяси оқиғадан шет қалмау тиіс. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында: «Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және  цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз.     Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:  жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;  бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру; сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу,- деп атап өтіп, бірқатар тапсырламаларды жүктеген болатын.

Спорттық үйірмелер көбейеді
Тұтынушылардың сеніміне ие болған кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу