Шымкент – жеңіл өнеркәсіптің көшбасшысы

Oinet.kz 05-11-2022 724

image.png

Шымкент қаласында өнеркәсіп саласы жылдан жылға дамып, ол республикадағы ірі индустриалды орталықтардың біріне айналып келеді.  Қалада жеңіл өнеркәсіп саласында сәтті жүзеге асқан жобалар жетерлік.  Айталық «SAGITEX GROUP» ЖШС-і жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіретін фабрика ашуға 337 миллион теңге қаржысын жұмсады. Нәтижесінде, жылына 400 мың дана ішкиім тігетін кәсіпорын іске қосылды. Өндіріске «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 1 гектар жер берілген. 11 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар былтыр ашылған кәсіпорындардың қатарында «KASPY STEEL» ЖШС-інің металл бұйымдарын құятын зауытын атап өтуге болады. Қырық адамды жұмыспен қамтып отырған шағын зауыт жылына 1 000 тонна металл өнімдерін шығарады. Сол сияқты өткен жылы «TABA INDUSTRIAL» ЖШС-інің дөңгелек шығаратын зауыты, «СК-АЙМАҚ» ЖШС-інің жиһаз цехы да ашылды.

Айта кету керек, қазіргі кезде Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында 700-ден астам кәсіпорын белсенді түрде қызмет атқарады. Қалада өндірілген өнім­нің жалпы көлеміндегі жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 3,9 пайызды қам­тыса, республикадағы жеңіл өнер­кәсіптің үлесі 20,7 пайызды құ­райды. Атап айтқанда, үшінші мегаполисте өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 миллиард теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайызға жетіп отыр.  Инвестиция көлемі 219,1 миллиард теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджетің үлесі – 52,6 миллиард теңге, жеке инвестиция – 166,5 миллиард теңге.

 Шымкент қаласының же­ңіл өнеркәсібін тоқыма бұ­йым­дарын, киім-кешек, был­ғары және оған жататын өнім­дер өндіретін кәсіпорындар ұсы­нады. Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару бағытында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аймақтың инвес­тициялық портфелі жалпы құны 86,1 миллиард теңге болатын 44 жо­бадан тұрады. 

Қазіргі таң­да қалада  689 кәсіпорын белсенді жұ­мыс істейді. Оның ішінде 24 ірі және 49 орта кәсіпорын бар. Өнеркәсіп саласында 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.

Жеңілдетілген несиеге тазалық қызметін көрсететін фирма ашты
«Шымсая» шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу