Жеңілдетілген несиеге тазалық қызметін көрсететін фирма ашты
«Шымкент-Атамекен» МҚҰ кәсіп бастауға ниеттілерге жеңілдетілген несиені береді. Осындай бақыт бұйырған жанның бірі жас стартапшы Динара Тұрсынбекова. Былтырғы жылы жазда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша білім алған бойжеткен өз ісін ашуға бел буған.
«Оқу курсының маған берген ең бастысы – білім. Бизнес-жоспарды қалай дайындау керек, есептерді қалай дұрыс жүргізу керек, салық есептілігін жүргізу, несиені қайдан және қалай тиімді алуға болады – осының барлығын жоба бойынша бизнес-тренер Айдана Әбуова жасады. Ол менің тазалық қызметін ашу туралы идеямды қолдады. Осы тауашаны тереңірек зерттей келе, тазалық 8-9 айдың ішінде ақталатын өте қызықты және болашағы зор бизнес түрі екенін түсіндім», - дейді Динара Тұрсынбекова.
Қыз қала тазалық қызметін көрсететін шағын фирмаларға толып кетті деп қорықпады. Ең бастысы, қызметтердің сапасы мен әлемді таза әрі жақсырақ ететініне сенімді пікірлес адамдар командасы.
«Бастау Бизнес» түлегі 3 жыл мерзімге жылдық 6 пайызбен 8 миллион теңге несие алды. Несиеден түскен ақшаға әр түрлі жұмыс түрлеріне арналған кәсіби тазалау жабдықтарын, қажетті жуғыш және тазартқыш құралдарды сатып алады. Динара 13 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр және жоба жұмысының 3 жылы ішінде жергілікті бюджетті 3 миллион теңгеге толықтыруды болжап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, микробизнесті несиелендіру үшін Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанынан микроқаржы ұйымы құрылған. Оқудан өткені туралы сертификаты бар және жобаларын қорғаған «Bastau Business» бағдарламасының студенттері жылдық 6 пайызбен несие ала алады.
«Шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беруге болады. Несиенің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК (23,2 млн теңге). Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін шағын несие алу үшін бизнес түрлеріне ешқандай шектеулер жоқ», - дейді «Шымкент-Атамекен» МҚҰ директоры Бауыржан Пернеев.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жыл басынан «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 6805 әйел азаматша оқытылса, бос және жаңа жұмыс орындарына 4888 әйел орналасқан, 3 айлық оқу курстарына қатысып жаңа мамандық игерген әйелдер саны 1143.