Мемлекеттік бағдарлама шағын кәсіпорынды ірі зауытқа айналдырды

Oinet.kz 05-11-2022 516

image.png

Шымкент қаласында «Билал» өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Мекеме негізі 1997 жылы қаланған. Компания гигиена құралдарын шығарумен айналысады. Соңғы бірнеше жыл ішінде цех болмауына байланысты,  кәсіпкерлік мекеме өнімді аз-аздан шығарып, шағын қызмет түрлерін көрсетумен айналысып келген. Бұдан түсетін пайда да аз болатын.  

Сондықтан компания «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, былтырғы жылы «KZI BANK» ЕБ АҚ-нан айналым қаражатын толықтыруға және жабдық сатып алуға жылына 14 пайызбен қаражат алды. Оның 8 пайызын «Даму» қоры субсидиялайды, сонымен қатар кепілзат жетпеген бөлігіне Қор өзінің кепілдігін ұсынды. 

Нәтижесінде компания «Luna Fresh» сауда таңбасымен лосьоны бар, әмбебап ылғалды майлықтар шығаруды қолға алды. Өнімнің сапасы жоғары, сұраныс бар. Майлықтар 15, 25, 72 және 120 данадан тұратын қорапта шығады. Басты артықшылығы – бағаның өзге өндірушілерден әлдеқайда төмендігі. Осының арқасында аталған өнімдерге сұраныс артқан. Кәсіпорын сұранысты қанағаттандыру үшін өнімділік көлемін арттырып отыр.

Кәсіпкерлік мекеме қазіргі уақытта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Компания басшысының сөзінше, қызметкерлердің ортақ мақсат жолында ұйысып, талай биіктерді бағындыруға қажыр-қайраты жетеді. Аталған мекеме алдағы уақытта Орта Азия нарығына кіріп, еліміздегі бәсекеге қабілетті компаниялардың бірі болуды мақсат етуде.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылға 9,4 млрд теңге бөлініп,  2 760  жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілген.  Бүгінгі таңда, 2 760  жобаға 5,8 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді дейді салаға жауапты мамандар. Оның ішінде:  банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 840 жобаға 4,5 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге  886 жобаға  1,2 миллиард  теңге; мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 34 жобаға 170,0 миллион теңгеге қолдау көрсетілді.

«Мега СМАРТ» - еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны
«New Technology LTD» Қазақстандағы теңдессіз өнім шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу