Қайтарымсыз грантқа сұлулық салонын ашты

Oinet.kz 05-11-2022 542

image.png

Жеке кәсіп ашқысы келген адамның айналымға жіберетін белгілі бір сомада қаржысы болуы керек. Көп жағдайда банк­тер көмекке келеді. Ал тұрақты жұмы­сы, ескі үйінен өзге ештеңесі жоқ қарапайым адамның банктен несие алуына кепілдік мүлкі жарамайды, не қаржысы жетпейді.

Осыдан көрініп тұрғандай, жұмыссыз, басы артық қаржысы жоқ азаматтарға ең тиімдісі – «Бастау Бизнес» жобасы. Осы бағдарлама операторы – Ауыл шаруашылығы министрлігі, ал «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қар­жы­лай емес қолдау көрсетеді. 2019 жыл­дан бастап ел аумағында іске асырылып жат­қан осы жобаның мақсаты – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз жұ­мыс­­сыздарды, өзін өзі жұмыспен қамты­ған­дарды, тех­ни­калық және кәсіптік білімі жоқ немесе біліктіліктері төмен жұмыс орындарында істейтін азаматтарды оқытып, өз кәсіптерін ашуға көмек­тесу. Үш жылдан бері кедейліктің ең шегін­де күнкөрістері өте төмен мұқтаж жан­дарға, соның ішінде жұмыссыз қыз-келін­шек­терге жақсы қолдау болды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіптік білім алған азаматтардың мемлекеттен кәсіп ашуға қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндіктері бар. 

Осындай бағы жанған жанның бірі шымкенттік тұрғын Бибіхан Құрымбаева. Жоба аясында шаштараз мамандығы бойынша кәсіпті игерген келіншек қолынан келетін істі кәсіпке айналдыруды көздейді. Сөйтіп бизнес жоспарын әзірлеп, қайтарымсыз грант алуға өтініш білдіріп, бағын сынап көреді. Нәтижесінде Бибіханға былтырғы жылы 583 400 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Аталған қаражатқа кейіпкеріміз  сұлулық салонын ашқын. Бала кезден шаш қиюға икемі бар азаматша өз ісін кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты. Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасаумен айналысады. Бибіхан Құрымбаева қолға алған кәсібін алдағы уақытта үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлауда.

«мемлекеттің қолдауымен өз арманымды іске асырып, кішігірім сұлулық салонымды аштым. Шаш қиюмен қатар қазір дамып жатқан шаш түсін өзгерту кәсібін де оқып жатырмын. Осылайша өз-өзімді дамыту арқылы бизнесімді де одан әрмен дамытқым келеді.  Өз кәсібін ашқысы келетін жандарға өз армандарыңызды орындау жолында  ешқашан артқа шегінбеңіздер дегім келеді. Сүйікті  ісіңізді дамыту өз қолыңызда, ең бастысы ниетіңіз болса мемлекеттен қолдау көп»,- дейді кәсіпкер. 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік әлеуметтік нысандарға «жан бітіруде»
Тұрмысқа қажетті бұйымдар шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу