550-ден аса азаматша кәсіптің қыр-сырын үйренді

Oinet.kz 03-11-2022 417

image.png

Шымкентте «Бақытты жанұя» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Орталық әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасы, қиын жағдайға тап болған,  отбасындағы өзекті мәселердің алдын алу мақсатында жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар орталық талай аналарды кәсіпке баулып, өз ісін бастауға түрткі болып отыр. 

Мәселен мұнда  кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM мамандығы, балаларға арналған массаж, дефектолог-логопед, тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығу курстары бойынша қызметтер көрсетіледі. Айталық, он жылдан астам уақыттан бері массаж мамандығын кәсіпке айналдырып, содан үлкен жетістіктерге жеткен, бүгінде жеке емдеу мекемесі бар уқалаушы маман Атира Қаппарқызы осында тәлім береді. Оның айтуынша, массажды меңгерген әйел ешқашан жұмыссыз қалмайды. Өйткені бүгінгі таңда, әсіресе жаңа туған нәрестелердің көбісіне дисплозия диагнозы қойылады. Ал оның бірден-бір емі осы массаж. Мұнымен қоса кейбір ауру түрлері дәрімен емес, массаждың көмегімен емлеледі. Сондықтан массажды меңгерген әйел отбасының табысын еселеуге үлкен мүмкіндіктер алатынын тілге тиек етті маман.  

Бүгінде қала бойынша 18 943 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналардың мұқтаждықтары тіркеуге алынып, түрлі деңгейде ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, eqov.kz порталынан қызметтер алу және тағы басқа мәселелер бойынша316 онлайн, 18 627 офлайн түрде қызметтер ұсынылған. Сондай-ақ биыл орталық арқылы 550-ден аса азаматша кәсіптің қыр-сырын үйренді. 

Биылғы мамырда  Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен өткен жиын барысында орталықтың жұмысына жоғары баға беріліпті. Қала әкімі М.Әйтенов орталықтың жаңа форматта жұмыс жүргізу іс-тәжрибелерін өзге өңірлерге таныстырып, таратуға арналған жұмыс жоспарларын пысықтаған. Осыған орай мекеме базасында тәжірибе алмасу мақсатында Астана, Түркістан қалалары, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары және өзге де аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары мекеме қызметімен танысып, жұмыс жүргізу жүйесінің барысында оқу практикасынан өтіп қайтты. 

Орталықтан бақытын тапқан Еркінай
Әйелдер заманауи кәсіпті меңгеруге құштар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу