Аналарға кәсіп үйрететін орталық

Oinet.kz 03-11-2022 469

image.png

Қоғамда көпбалалы аналардың мәселесі бүгінгі таңда өзекті сипат алған. Олардың мәселесі бірінші кезекте Үкіметтің және жергілікті биліктің жіті назарында тұр. Әлеуметтік таршылық ең алдымен шиеттей бала асырап отырған аналардың немесе күнкөріс табысы аз отбасылардың иықтарына ауыр жүк артып, қосымша салмақ түсіретіні аян. Мұндай кезде олардың жанашыр жан іздеп, қолдауға зәру болатыны ақиқат. Иә, мемлекет тарапынан әлеуметтік аз қамтылған топтарға, соның ішінде көпбалалы аналарға аз көмек беріліп жатқан жоқ. Соның ішінде Шымкенттегі қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орны бөлек. 

Мекеме басшысының орынбасары Ерлан Әлжанов орталықтың басты мақсаты –психологиялық, медициналық, заңгерлік көмек көрсетумен қатар үйде отырып, қоғаммен байланыстан ажырап қалған аналарға ортада өз орнын табуға, бір кәсіпті игеріп, сол бойынша табысқа жетіп, өзіне, отбасына, жалпы мемлекетке пайдасын тигізуіне жәрдемдесу дейді. Қай кезде көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселесі өзекті болады, егер олар үйде жұмыссыз отырса, отбасылық табысы өте төмен болса, қоғамның тең мүшесіндей өздерін сезіне алмаса. Міне осы кезде барып әлеуметтік кикілжің туындайды. Ал ол дәрежеге жеткізбеу үшін аналарды сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік жасау маңызды.  Не уақытша бала тәрбиесінде немесе уақытының біраз бөлігін сүйікті кәсібіне арнап отыруы қажет. Аш адамға балық берме, қармақ бер демей ме?! Осы қағида бойынша жұмыс істейтін орталық қызметкерлері кәсіп игерген нәзік жандылар неғұрлым көп болса, соғұрлым жұмыссыздық деңгейі азайып, әлеуметтік жағдай да тұрақталады деп есептейді. Мекеменің билік пен қарапайым халықтың арасында «алтын көпірдің» рөлін ойнайтынын айтады. Мекеме ең алдымен көпбалалы аналарға бизнесвумен болып кетпесе де үй жағдайында кішігірім табыс табуына үйрететеді, қарым-қабілеттерін ашады. 

Әлеуметтік санатқа жататын аналардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында үйде отырып-ақ табыс тауып, өз кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін орталықта 438 әйелге тегін оқу курстары ұйымдастырылған. Оқу курсынан өткендердің жұмыстарына әрі қарай талдау жасалып,  мамандар өз тараптарынан көмектер көрсетеді. Бүгінгі таңда оқуының жемісін көріп жүрген 176 ана бар.

Электр техника саласындағы көшбасшы компания
Курстан өтіп, бизнесін ашқан нәзік жандылар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу