Электр техника саласындағы көшбасшы компания

Oinet.kz 04-11-2022 567

image.png

Шымкентте табысты жұмыс жасап отырған кәсіпорынның бірі -«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан  «Alageum Electric» компаниясының экспорттық бағытқа негізделген «Asia Trafo» зауыты. Өндіріс орны 2019 жылы пайдалануға берілді. Жұмыс істеген үш жыл ішінде 35, 110, 220, 500 кВ кернеу класындағы 150-ден астам трансформатор, автотрансформатор және реакторлар шығарды. Сондай-ақ сынақ зертханасының жеке қажеттіліктері үшін серіктестік қуаттылығы 128 МВА, кернеуі 750 кВ, 200 Гц жиілікте 24 сағат бойы жұмыс істеуге шыдайтын трансформатор жасады. 

«Alageum Electric» – еліміздің электр техника саласындағы көшбасшы компания саналады. Оның электр энергетика, электр машина жасау мен құрылыс сияқты бағыттары бойынша 30-дан астам кәсіпорын мен зауыты бар.  Холдинг отандық және халықаралық стандарттарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өндірген өнімі арқылы отандық нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, ТМД  мен Орта Азия елдеріне экспорттайды. Мәселен, Кентаудағы зауыт тауарының 30%, Оралдағы зауыттың 95%, Петропавлдағы зауыттың 95%, Шымкенттегі зауыт өнімінің 50-60% шетелдерге экспортқа жөнелтіледі. Өткен жылы компания сыртқа 20 мың трансформатор сатқан.   

«Alageum Electric» компаниясының 14 зауыты бар. Оның 4-еуі трансформатор жасайды. Олардың қуаттылығы жыл сайын 36 мың трансформатор шығаруға қауқарлы. Жабдықтардың нарықтағы бағасы 1 млн теңгеден 2 млрд теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.

Трансформатор сияқты құрал-жабдықты әзірлеу күрделі ғылыми зерттеулерді қажет ететін бейнеті қалың жұмыс. Табандылық пен кәсіби біліктілікті де талап етеді. Оның үстіне трансформатор шығару үшін зауыт әлемдік стандарттарға сай қондырғы, құралдармен жабдықталуы керек. Мәселен, «Alageum Electric» компаниясы Еуро стандарт негізінде Франция, Германия, Италия, Швейцария, Белгия сынды мемлекеттердің қондырғыларымен жұмыс істейді. Яғни, заман талабына қарай зауыттар жаңа технологиялармен толықтырылып отырады.

Холдинг қазір үлкен қаланы тоқпен қамтитын қосалқы станцияға қажетті құрал-жабдықтың  80 пайыз шығарады. Алдағы жоспар – 100 % жеткізу! Ол үшін 110-500 кВ-тық ток трансформаторы мен элегазды ажырату жабдықтарын және кернеу трансформаторын жасауы қажет. Дәл қазір компанияның ғалымдары мен кәсіби мамандары осы бағытта еңбек етіп жатыр. 

Ардагер энергетиктер «Asia Trafo» зауытын аралады
Аналарға кәсіп үйрететін орталық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу