Ардагер энергетиктер «Asia Trafo» зауытын аралады

Oinet.kz 03-11-2022 452

image.png 

Шымкент қаласында халықаралық ардагер энергетиктердің ХІ форумы өтті.  Аталған іс-шараны Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығы мен Қазақстан ардагер энергетиктері кеңесі ұйымдастырды. Форумға еліміздің және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты ТМД мемлекеттерінің ардагер энергетиктері қатысты. Сондай-ақ, форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары мен аймақтық электр желілері компанияларының басшылары шақыртылды. Басқосуда талқыланған басты мәселе мәселе – электр желілердің жаңалануы,  электр энергетикасы инфрақұрылымын жаңғырту, электр энергиясының өндірісі және қосымша қуат көздері. 

Іс-шара аясында шетелдік меймандар «Alageum Electric» компаниясының экспорттық бағытқа негізделген «Asia Trafo» зауытында болып, өнімдермен танысып қайтты. 

«Азия Трафо» ЖШС – «Alageum Electric» электр жабдықтарын шығаратын отандық өндірушінің құрамына кіретін, Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдық шығаратын ең ірі зауыт. Кәсіпорынның негізгі өндіретін өніміне қуаттылығы 500 МВА-ға дейінгі кернеулі 35, 110, 220, 500 кВ класты майлы трансформаторлар мен автотрансформаторлар және реакторлар кіреді. Өндіріс ошағының жобалық қуаттылығы жылына 12 000 МВА-дан асады. 

Зауыт өнімдерін өндіру үшін заманауи әрі жоғары өндірістік технология қолданады.  Бұл өз кезегінде ұзақ мерзімге шыдас беретін көлемі шағын әрі аз материал қажетсінетін инженерлі-техникалық құрылғы жасауға зор мүмкіндік береді. 

Кәсіпорын трансформаторларды жобалау кезінде «Бүкілодақтық трансформатор жасау институты» негізінде құрылған украиндық «Soft-Team Group» тобының бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне сүйенеді. 

Әрбір тапсырыс және әрбір өтініш жеке қарастырылады. Оңтайлы дизайн 3D модельдеу жүйелері арқылы есептеледі, тапсырыс берушімен келісіп, талаптарды қанағаттандырғаннан кейін өндірісті басқару жүйесіне автоматтандырылған деректер енгізіледі.

Трансформаторлар өндірісі жобалық әзірлемелер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес. Сондықтан отандық өнім жоғары сенімділікке ие. Жалпы сапалы өнім шығаруда Швейцария, Германия, Италия, Хорватия сияқты жетекші еуропалық компаниялардың технологиялық жабдықтары пайдаланылады.

Саябақтар ретке келтіріліп, көшеттер отырғызылуда
Электр техника саласындағы көшбасшы компания
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу