Саябақтар ретке келтіріліп, көшеттер отырғызылуда

Oinet.kz 02-11-2022 379

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген «Жасыл Қазақстан»  ұлттық жобасы арқылы еліміз­дегі эколо­гиялық жағдайды жақ­сар­тып, ха­лық­қа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру көзделіп отыр. Ұлттық жобаның «Табиғат» бағыты аясында ұласып өсуі кемінде 65 пайызды құрайтын 2 миллиард ағаш отырғызу, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың санын қалпына келтіру шараларын жүргізу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру көзделіп отыр.

 Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үшінші мегаполис Шымкент қаласында шаһарды көгалдандыру, жасыл белдеу аумақтарын ретке келтіру, сондай-ақ ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда «Наурыз», «Жайлаукөл», «Абай» саябақтары мен «Шәмші», «Нұрсат» гүлзарлары және «Ордабасы» алаңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда. 

Сонымен қатар қала аумағындағы басқармаға қарасты 37 субұрқаққа консервациялау жұмыстары жүргізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар басқарма тарапынан қатаң бақылауда. Мердігер мекемеге қарасты 300 жұмысшы, 52 дана арнайы техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар "Абай" саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп, саябақтың өңін кетіріп тұрған бетон бағаналар алынды.  Аталған және өзге де жұмыстарға  20 жұмысшы 4 техника жұмылдырылып, қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек "Абай" саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда.

Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады дейді салаға жауапты мамандар.

“Аянат” шаруа қожалығы жылына 600 тонна қызанақ өсіреді
Ардагер энергетиктер «Asia Trafo» зауытын аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу