Әйнек өндірісіне маманданған кәсіпорын

Oinet.kz 02-11-2022 414

image.png

Бүгінде Шымкентте индустриалды аймақтарда көптеген кәсіпорындар жемісті жұмыс істеуде. Мемлекет тарапынан барлық қолдауға ие болып отырған бұл кәсіпорындар басты назарға - сапалы өнім шығаруды алған. Сапалы өнім шығару арқылы олар халық алдында өз беделдерін арттыра алады.

«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы «Фирма Дана» ЖШС шыны өндіруші кәсіпорны қарқынды жұмыс істеуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында көмек алған  кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр шыны өндірілсе,  сәулет құрылысында қолданылатын шынының тәулігіне 1700 шаршы метрі шығарылады. Жоба құны – 500 миллион теңге. Бүгінде 55 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Дайын өнімдерді 100 пайыз ішкі нарыққа шығарады. Шымкент қаласындағы әйнек өндірісіне маманданған бірден-бір кәсіпорын.  «Дайын өнімдерді сату қызметінде жол тауып, іске асыру үшін тарату, сату желісін іске қостық. Бұл шыны болғандықтан алыс елдерге жеткізу мүмкін емес. Сырт ел болғанда тек Қырғызстан мен Өзбекстанға ғана жеткізуге мүмкіндік бар. Дәл қазір тек өз еліміздің аймақтарына жеткізіледі. Біздің өнімді Астана, Алматы сияқты ірі қалалардағы құрылысқа пайдаланып жатыр. Сонымен қатар, көрші Жамбыл, Қызылорда облыстарынан тапсырыс түсіп тұрады. Біз сапаға да ерекше мән береміз. Өніміміздің сапасы еуропалық стандарттан артық болмаса кем емес. Сраптамадан, лабороториялық тексерулерден өткен»,-дейді «Фирма Дана» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Мамадияр Артықбайұлы. 

Кәсіпорын өкілінің айтуынша, мемлекеттік қолдау болмаса осындай ірі жобаны іске асыру мүмкін емес.

«Шынын айтқанда мемлекет тарапынан берілген көмек арқылы үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Қосымша қоймалары бар осындай ірі көлемдегі жалпы көлемі 5 гектарды құрайтын өндірістік базаны жасау – мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асты. «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды. Ал, үнемделген қаражатты қайта кәсіпорынға, шикізат алуға жұмсаймыз. Жалпы мемлекеттік қолдау болмаса жеке адам немесе серіктестіктің өзі мұдай өндіріс ошағын құра алмайды» -дейді ол.

Жаңа технологияға негізделген шыны қыста үйдегі жылуды сақтаса, жазда бөлмедегі температураны бірқалыпты күйде ұстайды. 

Шаруаларға қажетті жәндік өсіріп, бизнес бастаған
«Тассай құс» өндірісін кеңейтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу