Шаруаларға қажетті жәндік өсіріп, бизнес бастаған

Oinet.kz 02-11-2022 321

image.png

Еліміздегі жылыжайлар сұ­ранысты өтеу үшін жеміс-жи­дек­терге түрлі химиялық қоспалар қолдану арқылы кәсіптерін жүр­гізіп отыр. Денсаулыққа зиян­сыз екені айтылып жүргені, та­биғи жолмен өскен жемістердің дәмі дәмдірек әрі қауіпсіз бола­тынын тұтынушылар жақсы бі­леді. Қыс мезгілінде жылыжай­лардың жұмысы қыза түседі. Да­мыған елдер химиялық қос­палардың орнына табиғи жолмен пайдалы жәндіктерді, кенені және түкті араны өсіру арқылы зиян­кестерден биологиялық әдіс­пен қорғау мақсатында оларды жылыжайға жіберіп, органикалық таза өнім алу әдісін жолға қойған.  Мәселен энто­мофагтар зиянды жәндіктерді жеу арқылы немесе зиянды ор­га­низмнің ішіне өзінің генети­ка­лық материалын енгізу ар­қылы өлтіреді. Ауылшаруашылығында таптырмас жәндік көптеген шетелдік жылыжай, егіс алқаптарында қолданылады. Жеміс-жидекке пайдасы мол жәндікке сондықтан сұраныс көп. 

Еліміздің жылыжай иелері де зиянкестерден химиялық жолмен емес табиғи жолмен күресу үшін аталған жәндікті қолданады. Алайда бізде бұл табиғи «күрескерді» өсірумен айналысатындар сирек. Шаруалар сол себепті энто­мофагтарды шетелден алдыртады. Осыны ескерген шымкенттік тұрғын   Е.Әділ мемлекеттік бағдарламаның көмегімен  энтомофагтар өсірумен айналыса бастаған. Тиісті қаражаттың арқасында ерекше бизнесті қолға   жеке кәсіпкер осылайша жергілікті шаруаларға көмегін беріп отыр. Себебі бұл сала шетелдік кәсіпорындарға тәуелді болып отыр. Отандық кәсіпкерлер тағы жоқ. Еліміздегі жылыжайлардың дені оңтүстік өңірде болғандықтан, сұраныс жоғары. Кәсіпкердің бастамасы оң нәтиже берген. Өңіріміздегі бірнеше жылыжаймен келісімге келіп, өнімдерін өткізіп жатыр. Айтуынша, сапасы да шетелдік өнімге қарағанда әлдеқайда жоғары. Әрі сұраныста артып келеді дейді кәсіпкер.   


«Назардың» кілемдері назар аудартпай қоймайды
Әйнек өндірісіне маманданған кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу