«Тассай құс» өндірісін кеңейтті

Oinet.kz 02-11-2022 278

image.png

Шымкент қаласында ауылшаруашылығы саласының болашағы өте зор. Қала аумағында бос жатқан жерлер көп. Бұл жерлерде көкөніс егіп, мал асырауға болады. Шөбі шүйгін қала аумағы шаруаны тез табысқа шығарады. Сондықтан да бос жатқан жерлерді дер кезінде заң шеңберінде игерген абзал. 

Сондықтан Шымқалада кәсібін осы саламен бастаған жандар көп. Айталық Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Тассай құс» ЖШС  қаладағы табысты жұмыс істеп келе жатқан  нысанның бірі. Өткен жылы шаруашылықты кеңейтіп, өнімділікті арттырған өндіріс орны 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Құс фермасы 2015 жылы іске қосылып, жылына 20 миллион  дана жұмыртқа өндірісінен бастаған. 

Жоба құны – 250 миллион теңге. Кәсіпкерлер жылына 35 миллион дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келген. Осы жылдың басынан  бастап өнімділікті 50 миллионға жеткізіп отыр. 

Аптап ыстықта азық-түліктің бұзылмай сақталуы қиын. Денсаулыққа пайдалы, залалы жоғын тұтыну маңызды. Тауық жұмыртқасы. Күнделікті тамақ рационында негізгі орын алатын тағамның бұл түрінің адам ағзасына пайдасы мол. Ал, жоғары сұрыпты, құрамы құнарлы өнімді Шымкенттегі  өндіріс орны «Тассай  құс» мекемесі ұсынып отыр.

Аталған өндіріс германиялық Helmann Poultry GMBH CO.KG технологиясы бойынша жұмыс істейді. Құс шаруашылығына маманданған кәсіпорынға 2020 жылы 29,7 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілсе,  былтырғы жылы 37,7 миллион теңге қолдау көріп отыр. Мұндай өндіріс орындарын қолдау, нарықтық бағаны тұрақтандыруда маңызды қадам болып табылады.

Кәсіпкердің айтуынша бұнымен тоқтап қалмай, кәсібін дамытуды көздеп отыр.   Жалпы аумағы 4,9 гектарды құрайтын құс фермасында бүгінгі таңда 215 мың бас құс бар, оның ішіндегі жұмыртқалағыш тауық-138 мың басты құрайды. Жұмыртқаның сапалы әрі дәмді болып шығуы үшін шет елден арнайы құсқа арналған құрама жем дайындайтын құрал жабдықтар сатып алынған.  



Әйнек өндірісіне маманданған кәсіпорын
Су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу