Жыл сайын мал басын көбейтіп отыр
Үшінші мегаполис ауылшаруашылығына қолайлы өңір бола қоймаса да шаһарда өз кәсібін осы саламен байланыстырған жандар көп. Мұның бірден-бір себебі кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты.
Мал шаруашылығын жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жем-шөп дайындау іс-шара жоспары бекітілген болатын. 2021 жылға «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 248,0 миллион теңге қаржы қарастырылып, қала әкімдігінің қаулы жобасы дайындалған. Қуаңшылықтан сақтауды жетілдіру бойынша қала аумағында шаруашылықтармен бірлесе жұмыстар атқарылуда.
«Қасқасу-С» шаруа қожалығында мал азықтық дақылдар егілетін жерге тамшылатып суғару әдісімен бір жылда 4 рет өнім алу жоспарлануда. Шетел тәжірибесін пайдалана отырып мал азықтық дақылдарды егу үшін алдын ала топырақтың құрамын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған шаруашылық базасында гидропоникалық әдісті қолданану арқылы шырынды мал азығын дайындау жоспарлануда. Әдістің тиімділігі, 2 келі астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 келі шырынды мал азығын алып, өнімділікті жоғарылату. Бұл әдіс бойынша алдағы уақытта шаруашылықтарға арнайы семинарлар өткізу жоспарлануда.
Аталған шаруа қожалық 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Мал азығын егумен қатар мал бордақылаумен айналысады. Ең алдымен 600 басқа арналған қора жай құрылысын салып, бұқашықтарды бордақылауға кіріскен. 2020 жылы саланы одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкер қосымша 700 басқа арналған мал ұстайтын қоражайды салған. Нәтижесінде 12 ай ішінде 1 180 бас бұқашықты бордақылап, 330 тоннаға жуық таза ет өндірген. Қожалық иесі былтыр тағы қосымша 500 бас бұқашыққа арналған қоражай құрылысын жүргізген.