Мемлекеттік демеуімен ашылған кәсіпорын

Oinet.kz 04-11-2022 684

image.png

Шымкент қаласында халық саны артқан сайын олардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында көптеген нысандар ашылуда. Әсіресе кәсіпкерлік нысандары саны жылдам артуда. Себебі халқы ығы-жығы болып жатқан мегаполисте кәсіпкерлік саласы тез дамитыны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көбіне халыққа сервистік қызметтер, сауда-саттық ұсынса, ірі кәсіпкерлер зауыт-фабрика салып, тұрғындарды сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді.  

Үшінші мегаполисте  салынып жатқан зауыттар аз емес. Соның бірі - "Амир-А" (Sin Yuan Steel) ЖШС металлургиялық зауыты. Аталған зауыт - "Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан.  Өндірістік қуаты — жылына 500 000 тонна сұрыпты металл илегі. Компания Қазақстан Республикасы мен Орта Азиядағы осы өнімді ірі өндірушілердің бірі болып табылады. Жоба сомасы 18 миллиард теңгені құрайды. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.  Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, аталған жоба - "Бизнестің жол картасы - 2020" шеңберінде жүзеге асқан. Өз кезегінде зауыт мемлекетке салық төлеп, қазына қаржысының молаюына үлес қосады.

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып табылады.  Бүгінде индустриалды аймағы өндіріс орындарына жүз пайыз толған.  Инвестицияның артуына  өндіріс ошағы зор үлесін қосып келеді. Бүгінде «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62,0 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. Аймақтағы ең ірі «Spirit-Казахстан», «HILL Corparation», «Евро Кристалл», «BayerGroup» сияқты тауарөндіруші кәсіпорындары Индустрияландыру картасы аясында қолдау алып, бүгінде өндірістік қуаттылығы артуда.

Жыл сайын мал басын көбейтіп отыр
Қорғасын мен мыс өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу