«Шымкентмай» АҚ сабын өндіруде көш бастап тұр

Oinet.kz 02-11-2022 521

image.png

Шымкентте химия өнеркәсібі өндірген өнім көлемі артып келеді. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі кір жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді.

 Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорын майды қайта өңдеу арқылы кокос майының 20% мөлшері бар шаруашылық сабынын шығарады.  Өнім экологиялық жағынан таза және табиғи өнім болып табылады.  Оның құрамына дистиллияцияланған тоң май қышқылдары, өзіндік өндірістің өсімдік майлары және сабынның қасиетін жақсартатын арнайы қоспалар кіреді.

«Шымкентмай» АҚ осыдан үш жыл бұрын Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-дан банкаралық қаржыландыру желісі бойынша өсімдік майын рафинациялау және дезодорациялау цехының құрылысын салуға қарыз алған болатын.

Бүгінде зауыт іс жүзінде барлық май дақылдарын қайта өңдеуге, олардың майларына рафинациялау мен дезодорациялау жүргізуге қабілетті, бұл ретте олардың қасиеттерін жоғалтуға жол берілмейді және майдың әрбір түрінің дәмдік және тағамдық ерекшеліктері толық сақталады. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік майларын – мақта, күнбағыс, соя, мақсары, рапс майларын өндіру болып табылады.

Компания өз өнімін Қазақстанның нарығына және оның шегінен тыс жерлерге шығарады. Өнім ішкі нарықта негізінен елдің оңтүстігіне: Шымкент, Түркістан, Тараз, Алматы, Сарыағаш қалаларына, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарына сатылады. Қазақстандық өндіріс өнімін сатып алатын елдердің тізімінде – Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан және Түркия бар.

2020 жылы ҚДБ мемлекеттік бағдарлама шеңберінде компанияға «Шымкентмай» АҚ экспорттық операциясына 2021 жылға дейін 3 миллиард теңге мөлшерінде кредиттік желі ашты. Бұл компанияға өз өнімінің экспортын ұлғайтуға және жеткізілімдер географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда компания өз түсімінің 70 пайызға жуығын өнімнің экспорттық жеткізілімдері есебінен алады.

Шымкенттің кәсіпкерлік саласында үлкен өсім байқалады
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу