«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылмақ

Oinet.kz 02-11-2022 563

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Оны жүзеге асыру барысында 3,5 мыңнан астам жоба іске қосылды. Сондай-ақ 70 мын жұмыс орны ашылды. Өндірілген өнім мен қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тапты. Бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізді. Сондықтан мен «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатта бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 триллион теңге болады», - деп Президент атап өткен болатын. 

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы  жалпы сомасы  3,5 миллиард теңге болатын 81 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде:

- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 миллиард теңге;

- банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 4 жобаға  300 миллион теңге берілген.

Қарапайым заттар экономикасын дамыту – бұл ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру, бәсекеге қабілетті өндірістер құру. Ең бастысы импортты отандық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен алмастыру.

Салаға жауапты мамандардың айтуынша өткен жылы  Шымкентте осы бағдарламаға түзетулер енгізіліп, онда қолдауға жататын басым қызмет түрлері мен тауарларды кеңейту, лизингтік компанияларды бағдарлама операторлары ретінде қосылған.

Бағдарламаның арқасында 2025 жылға қарай кредиттелетін тауарлар бойынша импорт үлесі 59 пайыздан 37 пайызға дейін төмендеп, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

«Шымкентмай» АҚ сабын өндіруде көш бастап тұр
Шымкенттік кәсіпкерлерге барлық мүмкіндік қарастырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу