«Болашақтың» сусындарына сұраныс артып келеді

Oinet.kz 01-11-2022 359

image.png

Шымкентте 4 өнеркәсіптік аймақтың бірі «Тассай» индустриалды аймағындағы заманауи кәсіпорындардың арасында — «Болашақ – 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де белсенді жұмыс істеп отырғандар санатында. Түрлі сусындар шығаратын зауыттың жалпы аумағы 2 гектарды алып жатыр. Кәсіпорынға 1 миллиард 30 миллион теңге инвестиция құйылған. Компания басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, мұнда жылына 34 миллион бөтелке сусын құйылады. Оның ішінде минералды ауыз су, газдалған және энергетикалық сусындар бар. 

–Шымкенттегі жалпы аумағы 427 гектарды құрайтын «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтарының құрылуына әуел баста 90 миллиард 100 миллион теңге инвестиция құйылған. Нәтижесінде индустриялық аймақтар құрылғалы онда орналасқан кәсіпорындар 260 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, оның 110,9 миллиард теңгелік өнімі шетелдерге экспортталуда. Индустриалық аймақ қатысушылары 5 500 адамды жұмыспен қамтып, мемлекеттік бюджетке 19,5 миллиард теңге салық төлейді. Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табуда,- дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков. 

Басқарма басшысының айтуынша, бұл екі өндірістік аймақ бүгінде өндіріс орындарына жүз пайыз толған. Ендігі кезекті қала экономикасының әлеуетін барынша арттыру мақсатында тағы да индустриалды аймақтар ашылуда. Соның бірі «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Аймаққа инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Бүгіннің өзінде 100 миллиард теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес былтыр 10 жобаның құрылысы басталған. Сосын ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы салынады. Мұнда құны 23 миллиард теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Ал 136 гектарды алатын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені аймағында 30 миллиард  теңгеге 2 мың жұмыс орнымен 20 жоба іске асатын болады.

Шымкенттің сыртқы сауда айналып жыл санап өсуде
«Химфарм» зауыты өнімдер портфелін кеңейтіп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу