Шымкенттің сыртқы сауда айналып жыл санап өсуде

Oinet.kz 01-11-2022 370

image.png

Қазақстанда бүгінде «2018-2022 жылдарға арналған «ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қарқын алған. Бұл бағдарлама еліміздің экономикасын деверсификациялау арқылы шикізаттық емес тауарлардың экспортын 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есеге дейін өсіруді және 31,8 миллиард  АҚШ долларына жеткізуді көздейді. 

Бұл мәселені жүзеге асыру Шымкентте жақсы жолға қойылған. Жан-жақты мемлекеттік қолдаудың және жергілікті кәсіпкерлердің тынымсыз ізденісі мен еңбегінің  нәтижесінде  қаланың сыртқы сауда айналымы, соның ішінде  экспортталатын өнім көлемі артып келеді. Мысалы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша шаһардың сыртқы сауда айналымы 1 миллиард 905 млн АҚШ доллар. Оның ішінде, экспорт - 573,5 миллион АҚШ долларын құрап тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3 пайызға өскен.  

— «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойды. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған. Жарнамалық өнім, шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелер мен фестивальдарға қатысуға, сондай-ақ жарнамалық каталогтарды әзірлеуге және таратуға байланысты шығындар өтелуде. Сонымен қатар тауарды шетелдік нарыққа жеткізуге кететін транспорттық шығындардың, шетелдердегі өкілдікті, сауда нүктесін немесе қойманы ұстауға, тауар белгілерін тіркеу мен өнімді сертификаттау жөніндегі рәсімдерді жүргізуге арналған шығындардың бір бөлігі мемлекеттің есебінен өтеледі. Кәсіпкерлердің өтінімдерін жұмыс тобы мен ведомствоаралық комиссия қарайды, соның негізінде кәсіпкермен қаражат аудару туралы келісім жасалады. Мұнан бөлек «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның сыртқы сауда палатасының еншілес ұйымы жұмыс істейді. Оның міндеті – сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау, – дейді Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев. 

Бүгінде қалада белсенді жұмыс істейтін экспортер-кәсіпорындар қатарында «Ferrum-Vtor», «Шымкент темір» «Pioneer Grain Produkt», «Grain House-555», «Turan Skin», «Қайнар» және «Каз Мед Пром» секілді табысты компаниялар бар.

Шымкент – кәсіпкерліктің ордасына айналып келеді
«Болашақтың» сусындарына сұраныс артып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу