Экономика мен экологияға да тиімді келісім жасалды

Oinet.kz 01-11-2022 514

Screenshot_22.png

«Біз жүргізіліп жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық реформалармен қатар жүруі тиіс екеніне сенімдіміз. Дәл осы тәсіл бізге орташа табыс тұзағынан шығып, дамудың келесі деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз шын мәнінде нарықтық, еркін және бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған ел үшін жаңа экономикалық бағытты жүзеге асырып жатырмыз. Жасыл экономиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын дамыту біздің төмен көміртекті даму стратегиямыздың басымдықтары болады, ол 2060 жылға қарай нөлдік шығарындыларға оңтайлы жол береді», – деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасыл экономикаға көшудің маңыздылығын атап өткен болатын. 

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның еліміздегі энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. 

Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды. ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді. Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Айта кетейік, бүгінде қалада өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24 ірі және 49 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасауда. Бірінші тоқсанның нақты көлем индексі бойынша 112,7 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейін Шымкент қаласы төртінші орында. Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 83 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 149,8 миллирд теңгенің өнімі өндіріліп, 37,4 миллиард теңгеге немесе 12,9 пайызға өсті. Осылайша, нақты көлем индексі 112,9 пайызға жетті. 



Орта Азияда теңдесi жоқ кешен қала экологиясының жақсаруына үлес қосуда
Өткен жылы қалада 52,5 мың тонна қалдық қайта өңделген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу