Күннен қуат алатын жол белгілері көбеюде

Oinet.kz 01-11-2022 605

image.png

Адамзат баласы бүгінде баламалы энергия көздерін дамытуға бет бұрды: жел, күн энергиясын кәдеге жарата алсаңыз, оның пайдасы көп-ақ. Әлем елдері бұрыннан-ақ мұндай энергияның пайдасын көріп келеді. Жаңа ғасырдағы жаңа игіліктерді пайдалануда бізде де бетбұрыс бар. Жер-жерде күн, жел энергиясын өндіретін стансалар салынып жатқаны мәлім.  Бұл «жасыл экономика» тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде. «Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнім­дерін өндірістік циклге қай­таруды қамтамасыз ететін экономика. Бұл бірін­ші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­луға ұшыраған ресурстар­ды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сар­қыл­майтын ресурстарды тиім­ді пайдалануға қызмет етеді. 

Үшінші мегаполис те жасыл экономикаға аяқ басып келеді. Айталық бүгінде Шымкенттің Орталық көшелерінің бойына күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар орнатылған. Әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңғыртуда мұндай жобаның пайдасы көп болып тұр.

Яғни, қауіпсіздікті сақтау мақсатында қойылған жол белгілерін осы күн батареялары қуаттандырады. Негізгі мақсат – жүргіншілердің, жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Батареялар күннен қуат алып, энергияны сақтап тұрады. Жарық өшіп қалса, автоматты түрде 7-8 сағатқа дейін қуаттандырады.

Енді көлік жүргізушілері түн ортасында да жол белгілерін алыстан-ақ анық көре алады. Ал ең бастысы, бұл белгілер қалалық электр желісіне тәуелді емес. Көше бойындағы көзге ұратын жол белгілері жүргізушілерге алда жаяу жүргіншінің жолы бар екенін еске салады. Күн қуатынан нәр алатын арнайы жарықтанған белгі күндіз түні жұмысын тоқтатпайды. Оның қызметіне бүгінде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер оң бағасын беріп те үлгерді. 

 «Ескі белгілер көзге онша көрінбейтін, ал қазір бәрі жақсы. тіпті алыстан күндіз де жақсы көрінеді. бұл қарттарымызға да жақсы ғой. олардың кейбірінің көзі нашарлайды. бұл белгілер балалардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді»,- дейді қала тұрғыны Мақсат Беркімбай. 

Күн сәулесімен қызмет ететін белгілер біздің өңірге Ресейден жеткізілген. Оны Шымкентке орналастыру үшін «Әлем Транс» компаниясына қомақты қаржы бөлініпті. Ал шенеуніктер бұл жоба біз үшін тиімді деп отыр.

«Стандарт» жеке индустриалды аймағында кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған
Шымқаладағы станция сағатына 15-17 мың кВт электр энергиясын өндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу