Шайынды суларды терең тазартуға болады
Халықтың қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Ұлттық жоба 4 негізгі бағытты қамтиды. «Таза Қазақстан» атты бірінші бағыт атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын аландатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. СОның ішінде жауын-шашын салдарынан арық-атыздарға жиналған шайынды сулар қоршаған ортаға, экологияға кері әсерін тигізеді. Бұл бірінші кезекте өзен суларының сапасын нашарлатады. Осы ретте шымкенттік мамандар шайынды суларды тазартудың жолы іздестіруде. Таяуда қаладағы "Су ресурстары-Маркетинг" жауапкерлішігі шектеулі серіктестігі техникалық кеңесінің мүшелері bioworks неміс компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
Бұл кәсіпорын тазарту қондырғыларын жобалаумен және салумен айналысады, шайынды суларды тазарту процесіне қажетті жабдықты шығарады. Жақын арада Шымкенттің кәріз-тазарту құрылыстарының кешені кеңейтілетін болады. Қазіргі уақытта тазарту кешенінде тәулігіне 150 мың текше метр кәріз ағындарын өңдейді алдағы уақытта 200 мың текшегедейін арттыру жоспарлануда. Сондықтан, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы кешенді кеңейту кезінде озық және экологиялық технологияларды пайдалануға мүдделі.
Bioworks компаниясы "Қазақстан Су арнасы" қазақстандық қауымдастығымен байланысады. Бұл кәсіпорынның мамандары Еуропада, Азияда және Африкада көптеген жобаларды жүзеге асырды. Соның ішінде BIOWORKS өз жүйесін қолдана отырып, шайынды суларды терең тазартумен айналысады, жоғары тиімді аэрация жүйелерін жасайды, тазартылған ағынды суларды сүзеді, артық шламды өңдейді. Компанияның инженерлері жобаны жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңдерде жүзеге асырумен бірге жүреді.