Жаңбыр суын пайдаланудың пайдасы көп

Oinet.kz 02-11-2022 822

image.png

Жақында Шымкентте «Жаңбыр суын пайдалану және табиғи ресурстардың оң шешімі» тақырыбында оқу курстары өтті. Оған жергілікті әкімдіктің жауаптыларынан бастап, экологтар, су және кәріз жүйесін пайдалануды реттеу саласының мамандары, санитарлық эпидемиологиялық ахуалды қадағалаулшылар шақырылды. «Қазақстан су арнасы» қауымдастығы , Өзбекстанның жобалаушы-инженерлер ассоциациясы және «CleanTech Latvia» қауымдастығы мен Еуропалық одақ бірлесіп ұйымдастырған оқу курстарына сонымен бірге қаладағы бірқатар жобалаушылар мен оқу орындарының оқытушылары қатысты. Жасыл технологияны Қазақстан мен Өзбекстанда барынша ендіруді мақсат тұтқан бұл жоба ENGINE деп аталады. Қаланы ауыз сумен қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуші «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-гі аталған мәселе бойынша мамандардың біліктігін арттыруды қос қолдап қуаттайды. Себебі, жауын-шашын суын пайдалану, осы бағыттағы кәріздік қондырғылар орнату бойынша проблема бізде шешілмеген.

Шымкентте өктемде, күздігүні жауын жауса, көп көшелер су астында қалатыны жасырын емес. Одан жолдардың және өзен суларының төмендейді. Ең бастысы, адамдарға қойлайсыздық туғызады. Жауын-шашын суы кәріз жүйесіне құйылады. Күндердің күнінде апат орын алуы мүмкін. Себебі шайынды сулар қондырғысы оған шыдай бермейді.

Дәріскерлер – Латвиялық сарапшылар. Жобалаушы-инженерлер. ЭНДЖАЙН жобасының жетекшісі Эвия Пудане бұған дейін біздің еліміздің және Өзбекстанның су шаруашылығы мамандарымен онлайн форматта дәрістер ұйымдастырған. «Бұл курстарды алдын Өзбекстанда өткіздік. Қазақстандық су мамандарымен де пікір алмасқанбыз. Мақсат біреу – табиғаттың өзі беретін ылғалын, суын өзіне дұрыс пайдалануды реттеу. Біз мұны «табиғи шешім» деп атаймыз. Көгалдандыру, түрлі ландшафтарды көркейту, балалар алаңшасын желекпен көмкеру – бәрі сол жауын, қар суын пайдаланып, жүзеге асса, тек оң нәтиже береді»,- дейді Э.Пудане.

Оқу курстарына қатысушы экологтар да табиғи шешімді қуаттайды. Департамент мамандары, тәжірибелі экологтар қала басшылығына аталған мәселе төңірегінде бұрын да ұсыныстар жасаған екен. Жаңбыр суын арнайы қондырғыларға бұрып, жиналған қорды пайдалансақ «жасыл қала, Шымқала мәртебесін» талай жылдар бойы ақтап жүретінімізді қағазға түсіріп, ресми құжаттар дайындалған. 

Су шығынын азайту бағытында тың жоба қолға алынбақ
Шайынды суларды терең тазартуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу