Су шығынын азайту бағытында тың жоба қолға алынбақ

Oinet.kz 01-11-2022 420

image.png

Қазақстанда дәлірегі әлем елдерінде су тапшылығы байқала бастағаны рас. Ауыл шарушалығы мен өнеркәсіп салаларында бұл өте өзекті мәселеге айналған. Тұрғындар үшін де үлкен проблема. Ал сумен қамтуға жауапты мекемелер мәселенің түйінін тұтыну барысындағы ішінара жасырын ақаулар мен ысырапшылдықпен байланыстырады. Осы мәселені шешу үшін елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. 

Осы орайда Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркетинг»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  осы мәселені израильдік компания өкілі Ханнан мырзамен кездесу барысында кеңінен талқылап қарастырды. Шетелдік компанияның аталған бағытытағы инновациялық тәжірибесі мол. Оның үстіне бұған дейін Өзбекстан елінде су шығыны бойынша нақты көмек көрсеткен. 

Тәжірибелі мамандар Ташкентте аз уақыттың ішінде су жүйесін толық тексеріп, 170-тей ақауды анықтапты. Сөйтіп «Ташкент Су арнасы» мекемесі   су жоғалту яғни су шығынын бірден 20 пайызға азайтқан. Бұл дегеніміз электр энергиясын, суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Өте нәтижелі бағыт.

Израильдік мамандар су шығыны нүктелерін анықтауда спектрлік талдауды қолданады. Яғни ғарыш спутнигіне жүгінеді. Бұл әдіс алыстан су көзін анықтау барысында пайдаланылған. Енді мұны коммуналдық сала барысында қолдануға мүмкіндік туып отыр. 

Алдағы уақытта Шымкентке израильдік мамандар арнайы келіп, алдын ала жұмыстарға кіріспек.  Бұл технологияны ендіріп пайдалану сөзсіз қаражатты талап етеді. Бірақ нәтижесі жақсы болатынына «Су ресурстары – Маркетинг»  ЖШС басшысы Анарбек Оңғарұлы сенімді. 

«Су шығынын азайтатын болсақ түрлі авария, ретке келтіру, жөндеу жұмыстары  өздігінен азаяды. Сондықтан бұл бағытқа уақыт жоғалтпай қаржы  құюымыз керек. Бір жыл ішінде өзін өзі ақтайды деп ойламын. Неге қолға алмасқа?! Өндірістен алатын өнім сапасы артады ең бастысы. Сумен қамту оны тарату жүйесіндегі проблемалардың барлығы шешіледі. Сондықтан бұл өте ұтымды жоба»,- дейді ол.

«Су ресурстары  - Маркетинг»  мекеме  басшылығы израильдік мамандармен серіктесе жұмыс істеу  нәтижелі болатынына сенім білдіріп отыр. Болашақта тіпті, Қазақстанның өзге өңірлерінде де су шығыны мәселесін спутник арқылы анықтап  реттеуге мүмкіндік туады.  

Шымкенттіктер суды үнемдеуге дағдыланған
Жаңбыр суын пайдаланудың пайдасы көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу